Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

ҚАЗҰУ МАҒАН КЕРЕК ЕМЕС ЕДІ...

Студенттік шақ - ең бақытты кезең! Бұл сөзді барлық студент естіген шығар. Бірақ бұл кезең сенің қандай оқу орынында оқығаныңа да байланысты ерекшеленеді. Алматы қаласында университет өте көп. Біразын көрдім. ҚазҰУ-ға жететінін кездестірмедім. Жаңа университеттер ашылуда. Бірақ олар менің қара шаңырағым сияқты мол тарих пен мықты түлектерге бай емес. Оқытушылары жас маман шығар, бірақ менің алтын бесігім секілді тәжірибелі әрі қазыналы емес. Бекжан Әшірбай (айтыскер, ақын, заң газетін 7 жыл басқарды), Айбар Олжай (коммуникация бойынша маман, 7 20 25 тұрғын үй ипотекасының PR маманы, бүгінде Ұлттық Банк қызметкері), Әлібек Шегебай (ақын), Мұрат Шаймаран (ақын, Қытай ХР журналист қызметін атқарды), Назия Жоямерген (Түркітілдес журналистер қорының негізін қалаушы) т.с.с ұстаздар теория мен практиканы қатар меңгеруге көмектесуде. Бұл менің факультетімнің кафедра мұғалімдері ғана. Ал ҚазҰУ-дың ғалым оқытушылары шаш етектен.

  Менің алдымда үлкен таңдау тұр. 4 жылдан кейін бүлдіршін болып қаламын ба? Әлде өмір көрген ересек болып шығамын ба? ҚазҰУ-дың беретін мүмкіндіктерін пайдаланбасам “бүлдіршін” боларым анық. Адамды ересек ететіндей не беріп жатыр ҚазҰУ? Көптің мұңы мен мұқтажын жеткізуге мүмкіндік беріп, депутат, білім министрі, жоғары лауазымды жандармен кездесу ұйымдастырды. Өз саламызда өсу үшін сол жолдан өткен жандармен кездесу ұйымдастырды. Ең бастысы студенттік өмірді сүруге қолайлы жатақхана(71/15) мен уақытты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін ұйымдар ашып берді. «Ақпарат кешіксе естелік болады» дейді. Кез-келген ақпаратты алғашқы боп естуге мүмкіндік берді.

 Ректорымыз Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың “ҚазҰУ қалашығы студенттерге қолайлы болуы тиіс”,- деген сөзі ҚазҰУ-дың басқа универтситеттерден ең басты айырмасын яки ерекшелігін айқындайды. “Теңіздің дәмі тамшыдан”. ҚазҰУ теңізінің 1 ғана тамшысын таттым. Егер мұндай студенттік өмірді қажет етпесем ҚазҰУ маған қажет емес еді.

 

Серікбай Ерасыл журналистика ф. студенті

Жетекші Жетпісбаева М.С., аға оқытушы

0
0
223

Осы тақырып бойынша

ҚАЗҰУ МАҒАН КЕРЕК ЕМЕС ЕДІ... - Yvision.kz