Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Қазақ баласы ҰБТ-дан не үшін 1 балл алғанын түсіндірді

Ерасыл Уәлиев есімді биылғы мектеп түлегі әлеуметтік желілерге тіркеліп, онда өзінің ҰБТ-дан 140 балдың 1 балын ғана алғанын сүйінші сұрағандай жалпақ жұртқа жария еткен.   

Фотоколлаж: ulysmedia.kz

 

Ол осындай «жетістігіне» дәлел ретінде желіге өзінің ҰБТ-дағы қорытындысы шыққан бланкінің фотосуретін жүктепті. Онда тест сынағының 2024 жылы 30 маусымда өткені көрсетілген.

Ерасыл кейінірек салған видеосында неге бұлай істегенін түсіндіріпті. Айтқандай, ол пікірлерге жауаптарында мұны әдейі істегенін жазған. Сөйтіп, түлек ҰБТ қорытындысымен өмір тоқтап қалмайтынын, оның өмірде жетістікке жетуге кепіл бола алмайтынын дәлелдегісі келген.   

«Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп мектеп кезінде сабақты дұрыс оқымапты. Сол сияқты Билл Гейтс те дұрыс оқымаған. Барлығымыз айфонын ұстап жүрген Apple компаниясын құрушы кім? Стив Джобс. Ол да сабақты дұрыс оқымапты. Оның ата-анасы баласын университетке ұрсып жүріп түсірген. Бірақ Джобс «оқымаймын» деп, ол жерден бірінші сессиядан кейін кетіп қалған. Бірақ бұл адамдар не істеді?  Сол жерлерде оқымаса да, өмірде үлкен жетістіктерге жете алды. Сондықтан сіздер еш уайымдамаңыздар. Өмірде жетістікке жету үшін ҰБТ балы ешқандай рөл ойнамайтынын дәлелдегім келеді. Сол себепті өзіме берілген мүмкіндікті пайдаланып, енді барша уақытта адамдардың барлығына ҰБТ балының емес, тұрақтылық пен тәртіптің арқасында көптеген биік-биік белестерді қалай бағындыратынымды көрсетемін», – деді мектеп түлегі.

Айта кетейік, Ерасылдың қай қаладан немесе қай өңірден екені әзірге еш жерде жазылмаған.    

Ал желі қолданушыларының арасында оның бұл әрекетін қолдап жатқандар да, сынап жатқандар да бар. Енді біреулер «мен 1 балл алсам, мені иттің орнына байлап қойып, итті оқытады ғой», «мен бұлай істесем, Құрбан айтта қойдың орнына мені сояр» деген сияқты қалжыңдар жазыпты.
Тіпті әлеуметтік желіде төмендегідей әзіл видео (@tengrinewskz) жарияланған:

0
0
834

Осы тақырып бойынша

Қазақ баласы ҰБТ-дан не үшін 1 балл алғанын түсіндірді - Yvision.kz