Қазақ қызы тарихта тұңғыш рет әлемнің ең биік шыңы Эверестті бағындырды

Анар Бурашова теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан шыңға бес тәулік бойы өрмелеген. Оған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев жолсерік болыпты.

«Kazakh Everest Team» командасы әлемнің ең биік нүктесінде еліміздің көк туын желбіретті. Енді қайтадан төмен түсу үшін альпинистер тынығып жатыр екен. Күш-қуатын жинап, әл-дәрменін қалпына келтіргесін ақырындап төмен ылдилайды. Эверестке шығу да түсу де қиын әрі қауіпті. Соған қарамастан Мақсұт Жұмаев осы шыңды үшінші рет бағындырып отыр.
Диас Нұрақынның жазбасы
