ӘЧ-2024: Қазақстан өзінің соңғы матчында Польшаны жеңді
Чехияда өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польша командасын тура алғашқы матчтағыдай есеппен жеңді.

Бұл Қазақстанның осы чемпионаттағы соңғы матчы еді. Есеп біздің хоккейшілердің пайдасына 3:1 болды.
Шайба салғандар - Никита Михайлис, Валерий Орехов және Роман Старченко.
Сонымен статистика мынадай:
0:1 - Валега (Лищарчик, Брык) - 09:11
1:1 - Михайлис (Шестаков) - 12:35
2:1 - Орехов (Михайлис, Данияр) - 50:20
3:1 - Старченко - 54:25
Бұған дейін еліміздің құрамасы АҚШ (1:10), Германия (2:8), Швеция (1:3), Латвия (0:2) және Словакиядан (2:6) ұтылса, бірінші матчта Францияны (3:1) жеңді.
