Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогында 27 медальді ұтып алып, екінші орынды місе тұтты
Алматыда дзюдодан жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы өтті.

Фото: olympic.kz
Бұл жарысқа 9 командадан 355 спортшы қатысқан.
Онда еліміздің құрамасы 27 медальді жеңіп алды. Олардың ішінде 6 алтын, 7 күміс, 14 қола жүлде бар. Бірақ Қазақстанға өз жерінде өткен сайыста екінші орын бұйырды. Ал бірінші орынды бізден екі артық медальмен Өзбекстан алды. Олардың қанжығасында 6 алтын, 7 күміс, 16 қола кетті.
3 алтын, 2 күміс медаль алған Моңғолия үшінші орынға табан тіреді.
Дереккөз: meta-ratings.kz
