Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Барлығы енді басталып жатыр!

Испаниялық футболшы Дженни Эрмосо Рубиалестің үстінен прокуратураға шағым түсірді.

Еске салайық, RFEF басшысы Испания құрамасының ойыншысы Дженнифер Эрмосоны әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жеткеннен кейін ернінен сүйіп, ол жаппай сынға ұшыраған болатын.

Осыдан кейін ФИФА Рубиалесті футболшымен сөйлесуге тыйым салып, 90 күнге футболдан шеттеткен.

Қазір бірқатар испандық БАҚ-та Хермосоның прокуратураға жүгінгені туралы ақпарат тараған. Ол сүйісу оның келісімінсіз болғанын айтты.

Испания заңдарына сәйкес, футбол қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

0
0
255

Осы тақырып бойынша