«Болашақ» қоры арқылы парабиші екі қола медалін жеңіп алды
Ермек Қалымбетов қарапайым отбасында туып өскен: әкесі зейнеткер, анасы педагог. Осыған қарамастан, ата-аналар ұлының арманына жету үшін бәрін жасады.

«Біздің отбасымызда үш бала бар: ағам, әпкем және мен кішімін. Қазір әркімнің өз отбасы бар. Мен жақында өмір серігімді таптым, енді сәбилі боламыз. Менің өмірлік ұраным: ешқашан берілмеңіз!» - дейді Ермек.
Арбаға байланған спортқа жас жігіт жаттықтырушысының арқасында 2011 жылы келді, 2014 жылдан бастап спорттық-бал билерімен айналыса бастады. Спорттан басқа, ол Шымкент оңалту орталығында жұмыс істейді.

«Ең алдымен Алла мен ата-анадан қолдау аламын. Олар менің тірегім! Содан кейін достарымнан, әріптестерімнен. Бала кезімнен анам мені дамуға ынталандырды. Мен жақсы сурет салатынмын, анам мені әр түрлі жарыстарға апарып, ешқашан мұңаюға жол бермеді, маған оқуға, дамуға мүмкіндік берді, кеңес берді. Ол маған берген барлық нәрсеге өте ризамын!», – деп атап өтті біздің сұхбаттасушымыз.
Спортшы әрбір өнер көрсету – бұл үлкен еңбек екенін мойындайды. Әр жарысқа олар бірнеше ай дайындалады.

«Би арқылы мен өз ойымды білдіремін. Би маған адамдарға бәрі мүмкін екенін көрсетуге мүмкіндік береді! Мүмкіндігі шектеулі адамдар іс жүзінде бәрін жасай алады және олар басқалардан ерекшеленбейді. Маған қарап, адамдар мотивация алады және бұл мені қуантады! Маған жаттықтырушым Дарья Амангелдіқызы мен Қазіргі заманғы және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова мықты қолдау көрсетіп отыр. Олар менің қалыптасуыма баға жетпес үлес қосты. Би маған еркіндік береді! Би тілінің көмегімен мен эмоцияларымды, сезімдерімді, алаңдауларымды білдіре аламын! Би әлемді көруге және өз елін халықаралық аренада таныстыруға мүмкіндік береді. Би алға жылжуға, жаңа мақсаттар мен жаңа шыңдарға жетуге ынталандырады. Бидің арқасында мен көптеген талантты және қызықты адамдармен танысамын», - деп атап өтті Е. Қалымбетов.
2019 жылдың қыркүйегінде Санкт-Петербургте парабишілер арасында Әлем кубогы мен Құрлықтар кубогы өтті. Бұл турнир Ермек үшін өте маңызды болды, өйткені ол әлем чемпионатына лицензия беретін еді. Осы сапарды жүзеге асыру үшін оған «Болашақ» қайырымдылық қоры зор қолдау көрсетті.

Олардың жол жүру гранттары бағдарламасының арқасында Ермек осы ауқымды турнирге қатысып, біздің еліміз үшін Әлем кубогы мен Құрлықтар кубогының екі қола медалін жеңіп алып, 2019 әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды.
«Мемлекеттен қолдау бар, бірақ менің ойымша, өңірлер бойынша әлеуметтік талдау жетіспейді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жағдай өңірлерге қарағанда жақсырақ. Бірақ біз жақсы дамуға үміттенеміз», - деп түйіндеді Е.Қалымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде іске асырылады.
Біз әлеуметтік желілерде:
Facebook: https://www.facebook.com/amal2020kz/
Instagram: https://www.instagram.com/amal2020kz/
Vkontakte: https://vk.com/amal2020kz
Telegram: https://t.me/amal2020kz
