Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Дистанция сақта!

⚡Дистанция сақта! Иә, дәл солай. Әр нәрседе дистанция сақтай біл. Дистанцияны өміріңе қолдан. Кез-келген адамды өзіңе жақындата берме!

⚡Кез-келген адам, тез жаныңа жайғасып алмайтындай жағдай жаса. Әр адам сенің өміріңе жайдан-жай қосылып кетпейді. Демек оның сенде бір мақсаты бар. Соны анықтап ал. Оған дейін жаныңа тартып, сырыңды көп ақтара берме. Оның саған еш жаманшылық ойламайтынына көз жеткізгенде ғана дистанцияны қысқартуға болады. Бірақ әрдайым сақтанып жүр. Себебі, қазір көптеген адам алданып қалып жатады, ақшасына болмаса басқа да құнды заттарға. ⚡Бизнесте де дәл солай, кез-келген адамға сеніп, серіктес болудан да аулақ болған жақсы. ⚡Бизнесіңді өзіне аударып алар, болмаса сені өз пайдасына құрбан етуі мүмкін. Сондықтан әр кезде кез-келген адаммен дистанция қолдана білген жақсы. ⚡Бұл тек менің ойым! Ал, бұны қабылдау немесе қабылдамау өз еркіңде...

2
0
748

Осы тақырып бойынша