«Халық» қорының демеушілігімен 100 ауылдық жаттықтырушы УЕФА-ның «D» санаты біліктілігіне оқытылмақ

«Халық» Қайырымдылық жеке қоры мен «Арман Ауыл» жеке қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық аясында «Халық» Қайырымдылық қоры» жеке қоры «АуылФутбол» ауыл балалары футболын дамыту жобасының бас демеушісі болып белгіленді.

#Ауылфутбол жобасының негізін қалаушы Серік Мәмбетовтің хабарлауынша «Халық» қайырымдылық қорының бас демеушілігімен:
- 100 ауылдық жаттықтырушыны - УЕФА-ның «D» санаты біліктілігіне оқытуға қаржы бөлінеді;
- 100 ауыл балалар футбол командаларыжаттығу жабдықтарымен қамтамасыз етіледі;
- ауылдық командалар арасында 17 облыстық турнир және республикалық деңгейде финалдық турнирді өткізуге қаржылай қолдау жасалады;
- Алматы облысының құрама командаларының оқу-жаттығу кезеңдерін және олардың беделді жарыстарға қатысу шығындарын қаржылай қолдауды қамтамасыз етеді.

Шара барысында С.Мәмбетов: «Халық» қорының бас демеушілігі - #Ауылфутбол жобасының ауқымын республика бойынша кеңейтіп, ауыл балаларын спортқа баулу, футболды дамыту және әрбір турнирде спорт мерекесі атмосферасын құруға үлкен серпін береді.
Жоба 3 000-нан астам ауыл балаларын қамтиды деп күтілуде. Жұмыс ауқымы 12 айға жоспарланған. Әрқашан осындай игі істің басынан табылатын «Халық» қайырымдылық қорының үлкен алғысымды білдіремін» деп ризашылығын жеткізді.

#АуылФутбол жобасы - 2020 жылдың қаңтарында іске қосылған.Жоба қызметінің 3,5 жылында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. - #AuylFootball жобасы - Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, БҚО, Павлодар, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында бар.
«Халық» қайырымдылық қоры» жеке қорының Алматы облысы филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов: «Халық» қайырымдылық қоры бұған дейін Алматы облысының 200-ден астам жас футболшыларының басын қосқан екі күнге созылған «Halyk Open Cup» ашық кубогы турнирінедемеушілік жасаған болатын.

Турнир қорытындысымен үздік ойыншылардан Алматы қаласы балалар мен жасөспірімдер футбол лигасы мен Алматы балалар лигасына қатысатын команда жасақталды.
Нәтижесінде 2013 жылы туған #АуылФутбол командасы балалар мен жасөспірімдер футбол лигасының қола жүлдегері, ал 2014 жылға дейінгі балалардан құрама команда Алматы балалар лигасының чемпионы атанды.
Осы оң нәтижелерден кейін Қордың құрылтай кеңесімен #Ауылфутбол жобасының дамуын республика бойынша қаржылай қолдауға шешім қабылданды.
Қор қызметінің басым бағыттарының бірі спорт саласындағы жобаларды қолдау болып табылады. 2016 жылы құрылған «Халық» қайырымдылық қоры еліміздегі маңызды салалар – әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім салаларында ауқымды жобалар іске асыруда. Жалпы алғанда, 2016 жылдан бері "Халық" қорының құрылтайшысы Тимур Құлыбаевтың қолдауымен 45 млрд. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.» деп атап өтті.
Қордың #АуылФутбол жобасын қолдауының тиімділігі мен оң нәтижесі - ауылдық балалар футбол командалары арасында қызығушылықтың артуы мен #АуылФутбол жобасының ауқымы артуы арқылы расталады.
«Halyk Open Cup» турнирінен кейін #АуылФутбол жобасы ауылдық балалар командалары арасында бұрынғыдан да танымал болып, турнирден кейін үш ай ішінде жобаға қатысушы командалар саны 35%-ға , яғни 32 командаға дейін (24 команда болды) өскен.
Осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы Қор Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Бұқаралық спортты дамыту туралы» Жолдауын жүзеге асыруға атсалысуда. Сондай-ақ спортты дамыту мен насихаттауға, мықты спортшыларды анықтауға, спортшылардың бойында жоғары моральдық және дене қасиеттерін қалыптастыруға, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Анықтама:"Халық" қайырымдылық қоры жеке қайырымдылық ұйымы. Қор Қазақстанда өмір сүру сапасын жақсарту мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылады. Халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларында түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін "Халық" қоры 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Қордың құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтар.
«Халық» қайырымдылық қоры қызметінің басым бағыттарының бірі - спорт саласындағы жобаларды қолдау болып табылады.
- 2019 жылы республика бойынша балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының 170 тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт кубогы» чемпионатын қолдады;
- Жан-жақты қолдау көрсету мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған «Халық лигасы» қайырымдылық бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Оның аясында спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу және жаттықтырушылар құрамын еңбекақы қорымен қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетілді;
- 2021 жылы халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бойынша әлеуметтік саясатты белсенді жүргізіп жатқан «Қайрат» ФК-ға демеушілік көмек көрсетті.
- 2023 жылы Алматы қаласында каратэден барлық стильдер бойынша халықаралық турнир өткізілді. Татамиге Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Моңғолия және Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде шағын ауылдар мен ауылдардан 500 спортшы шықты. Қатысушылар – барлық жастағы балалар: ең жас спортшылар 5 жаста, ең үлкені – 17 жаста. Бұл балалар үшін спорт – өзін-өзі жүзеге асыру үшін қолжетімді мүмкіндіктердің бірі.
Осындай жобаларды жүзеге асыру арқылы Қор Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Бұқаралық спортты дамыту туралы» Жолдауын жүзеге асыруға атсалысуда. Сондай-ақ спортты дамыту мен насихаттауға, мықты спортшыларды анықтауға, спортшылардың бойында жоғары моральдық және дене қасиеттерін қалыптастыруға, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.
Анықтама: "Халық" қайырымдылық қоры жеке қайырымдылық ұйымы. Қор Қазақстанда өмір сүру сапасын жақсарту мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылады. Халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру салаларында түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру үшін "Халық" қоры 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Қордың құрылтайшылары Тимур мен Динара Құлыбаевтар.
#Халықбанкі
