ХХХІІІ конференция өтті
«AMANAT» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалында кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті.
Конференцияға партия мүшелері, сарапшылар, бастауыш партия ұйымдары мүшелері, қоғам белсенділері қатысты.
Жиынды Жаңаарқа ауданының әкімі Юржан Беккожин ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге қатысушылар Партияның Саяси тұғырнамасының мақсат-мүддесі, құндылықтары, өскелең ұрпақты қалыптастырудағы орны мен бүгінгі жастарға берері жөнінде ой өрбітті. Пікір алмасу сындарлы жағдайда өтіп, кездесуге келген әрбір қатысушысы өз пікірін еркін білдіре алды.
Сондай-ақ, аудандық конференция кезінде «AMANAT» партиясы Ұлытау облысы филиалының кезектен тыс ІІ конференциясына делегат сайлау жөнінде ұсыныс берілді.
Бұған дейін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Орталық аппараттың және өңірлік филиалдардың басшыларымен кеңес өткізіп, саяси тұғырнаманы жаңарту жұмыстары тек «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізілуі тиіс екенін атап өткенін еске саламыз.
#AMANATaimak
