Криптовалюта саласының арқасында ел-жер көру мүмкіндігіне ие болдым
Кейінгі жылдары криптовалюта саласы туралы көп айтылып жүр. Әлеуметтік желілерде қаржылық сауаттылыққа үйрететін мамандар да аз емес. Редакциямызға күн сайын "Криптовалютаны неден бастау керек?", "Бұл саладағы соңғы трендтер қандай?", "Қаржылық сауаттылықты қалай арттырамыз?" деген сияқты сұрақтар келіп жатады. Осы ретте, бүгін біз көптеген сауалға тұщымды жауап алу мақсатында аталған саланың жілігін шағып, майын ішкен маман Төленбай Мейірман мырзамен сұқбаттасып, мән-жайды білген болатынбыз.

- Алғашқы сұрақты өзіңізді таныстырудан бастасақ? Қай өңірденсіз?
- Менің аты-жөнім Төленбай Мейірман. Толық жасым 26-да. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасымын.
- Қандай отбасында дүниеге келдіңіз? Тәрбиеңізбен кім айналысты?
- Нағыз интеллигенциялық отбасында туылдым. Ата-анам да, атам мен әжем де мектепте білім саласында. Үйдің тұңғышымын. Соңымнан ерген екі інім және екі қарындасым бар. Ата-анам қарашаңырақта тұрған соң болар, атам мен әжемнің баласы болып саналамын. Көбінесе, әжеме жақынырақ болып өстім.
Мектеп қабырғасында жүргенде қақ соқпен ісім жоқ, сабағымды оқып тыныш жүретінмін. Әлбетте, қатарымның алды болып көшбастап, жарыстардын бәріне белсене қатысқаным рас. Барлық мұғалімнің любимчик оқушысы болдым десем артық айтқандық болмас😃

- Қай жоғарғы оқу орнын аяқтадыңыз? Қандай мамандық иесісіз?
- Ауылда орта мектепті 9 жыл оқып, колледжге оқуга түсуге шешім кабылдадым. Бірақ, үйдегілер менің үлгерімім мен күшіме сеніп колледжге кетпей ұлттық бірыңғай тестті тапсырып, жоғары оку орнына түсуімді қалады. Дегенмен, менің таңдауым мен мақсатым басқа болғанын жасырмаймын. Тоғызыншы сыныпты үздік аттестатпен бітірсем де , ары қарай 10-11 сыныпқа қалмауды дұрыс деп шештім. Колледжге кетуімнің басты себебі, өзіме жауапкершілік алып, қоғам өміріне белсене араласу, үлкен өмірге қадам басу болатын. Окуға уақыт құртқанша ертерек өз өмірімнің жаңа тарауын бастап, жаңа тәжірибеге қол жеткізгім келді. Алдыма мақсат қойсам оған жетпей қоймайтын жандардың қатарынмын. Осылайшам Шымкент қаласында Автотех колледжіне 2013 жылы келіп оқуга түстім. Өз мақсаттарыма берік болғанымның айғағы болар, колледжі де үздік аттестатқа тәмамдадым. Менің негізгі мамандығым: тасымалдауды ұйымдастыру , көліктегі қозғалысты басқару. Қысқаша айтқанда, жол полиция мамандығы. Аталған колледжді 2017 жылы аяктадым. Одан кейін отбасым мамандығымды жалғасытырып, жоғарғы оқу орнына түскенімді қалады. Ал, менің қалауым басқа болды. Мен үшін өз мамандығымды жалғастыру уакыт жоғалту болып көрінді. Мен ол кезде өзіме керекті тәжіриемді алған соң өзімнің жүрегіме жақын саланы іздедім.
- Айналысып жүрген салаңызды толық ашып айтып берсеңіз?
- 2017 жылы толықтай Алматы қаласына көштім. Сол жылдан бастап тендермен айналыса бастадым. Аллаға мың да бір шүкір, тендер саласын жақсы меңгергенімнің арқасында бір жыл ішінде темір тұлпар иесі атандым. Дегенмен, шыны керек тендер деген бірде бар бірде жоқ сала. Мақсатыңа бірден жете қоймайсың. Тендермен айналысу барысынша біршама қиындықтан өттім. 2018 жыл мен үшін қиын жыл болды. Өзім қалағандай табыс таппаған соң басқа да салаларды зерттей бастадым. содан көптеген салалардың ішінен 2009 жылы өзім үшін жаңа саланы аштым. Ол - криптовалюта саласы. Осы саланың арқасында жаңа орта мен көптеген серіктес таптым. Қажырлы еңбектің нәтижесінде жақсы табысқа қол жеткіздім.
Тіпті, шет мемлекеттерге жол ашылды. Саяхаттауды 2020 жылы бастадым. Карантин кезінде Туркия мемлекетіне көштім. Сол жақта 2 жылдай тұрып, өзіме үлкен тәжірибе жинап, Отаныма оралдым. Құдайға шүкір, шетелде тұрған кездерімді өмірімнің ең керемет шақтары деп айта аламын. Криптовалюта саласының арқасында ел көріп, жер көруге, көкжиегімді кеңейтуге мүмкіндік ашылды. Түркияда тұрып жүргенде бұл саланың табысты екеніне көзім жеткендіктен, мұны мен өз еліме әкелуім керек деп шештім. Осылайша, 2022 жылы қайта Қазақстанға келіп, әлеуметтік желідегі парақшаларымда өз тәжірбием жайлы бөлісіп, контент жасай бастадым. Мен айналысып жүрген сала - криптовалюта саласы. Яғни, цифрлық валюта. Бұл салада табыстың 15 түрі бар. Соның жартысымен айналысамын.
Қазіргі кездегі тиімді табыс түрі - криптовалюталық арбитраж. Қарапайым тілмен айтқанда, АҚШ долларын алып сатып, онлайн түрде табыс табу.

- Осы әрекеттеріңізбен қоғамға қандай пайда тигізудесіз?
- Мен қоғамға өте пайдалы заманауи мамандықты үйретіп жүрмін. Бұл арқылы кез келген адам қосымша 300.000 теңгеден жоғары табыс таба алады. Осы кезге дейін ұзын саны 600-ден астам шәкірт тәрбиеледім. Күн сайын алғысын жаудырып, зор табысқа кенеліп жүрген студенттерім жетерлік.
- Біздің еліміздегі осы саланың бүгінде хал-ахуалы қандай?
- Біздің елде енді-енді дамып келе жатыр. Қазақстанға қазақ тілінде бірінші әкелушілердің қатарындамын. Менің ютубтағы тегін сабақтарымды өзі 100.000 қаралым жинауда. Демек, халық арасында сұраныс жоғары. Расымен де, бұл сала күннен-күнге дамып келеді. Мүмкіндік көп. Қаржылық тәуелсіздіктің не екенін барлығы білуі мүмкін. Бірақ, шын мәніндегі бейнесін ұға бермейді. Кез келген саланың өзіндік қиындығы болады. Бірақ, көзін тапқан адам кез келген салада мол табысқа жете алады. Криптовалюта ешқандай күш жұмсауды қажет етпейді. Кейбір адамдар мұны бекершілік деп санайды. Алайда, әлемде қаншама адам цирфлық валюта арқылы күн көріп отыр. Жеке қаражатты дұрыс басқару және сауатты инвестициялау арқылы жақсы капитал жинауға болады.
Еңбек адамы – қоғамның қозғаушы күші, әлеуметтік құрылымдардың маңызды бөлшегі. Қыруар еңбекпен еліміздегі түрлі елді-мекендерде жетістікке жетіп, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар саны көп.
Табыс кілті - әрбір адамның ынта-ықыласы мен ерік-жігерінің арқасында. Елімізде еңбектенген адам үшін жасалып, атқарылып жатқан шаруа көп. Үкіметтен бір тиын сұрамай өз адал еңбек етуіне ынталандыратын көптеген мүмкіндіктер бізде жетерлік. Солардың бірі - осы криптовалюта.
- Криптовалютаны неден бастау керек? Алгоритмі қандай?
- Цифрлық валютаны бірінші ақшамен қарым-қатынасыңды жөндеуден бастау керек. Жеке қаражатыңда хаус болып жатқан адамға инвестиция жасау қиын болады. Сол себепті, ең алдымен адам өзінің жеке қаржылық жағдайына анализ жасау керек. Келесі қадам - алдағы жоспарларын анықтау. Әркімнің жоспары әртүрлі ғой. Біреу баласының оқуын төлеуді, біреу үй алуды жоспарлайды. Осындай жоспарларға сай қаражатты қарапайым адамның 2-3 айда таппайтыны белгілі. Сондықтан, осы екі нәрсені анықтағаннан кейін саналы түрде криптовалютаны бастау керек. Ол үшін әрине қаржы нарығындағы бүкіл жаңашылдықтардан хабардар болып отыру маңызды.
- Криптовалюта туралы сапалы қазақша ақпараттар жоқтың қасы. Бұған не себеп?
- Иә, бұл өте өкінішті жағдай. Жалпы, цифрлық валюта туралы расында да сапалы, сауатты, әлемдік деңгейде заманауи білім беретін ақпарат көздері жоқ. Экономиканың негізі сұраныс пен ұсыныс дейміз ғой. Халықтың ішінде сұраныс жоқ. Мен өзім шынайы ниетпен қазақ тілді қоғам жаңа бір дүниені үйренсін, пайдам тисін деген мақсатпен бастағанымның өзінде мен белсенді кері байланысты көріп жүрген жоқпын. Қашанда сұраныс ұсынысты тудырады. Халық арасында сапалы ақпаратқа сұраныс қашан өседі, сол кезде бізде мықты мамандар шығады, ақпарат пен эксперттер саны өседі. Бұл жерде білім деңгейі де маңызды рөл ойнайды. Өкінішке қарай, қаржы саласындағы қазақ тілді эксперттердің көпшілігінің айтатын дүниесі ақылға қонымсыз, қарапайым дүниелер. "Декретке құжатты қалай жинайды, ИП-ның қағазын қалай толтырады" деген секілді ақпараттарды жаңалық қылып айтады. Яғни, халықтың білім деңгейін көтергенде ғана сапалы контент ұсынылады.
- Біздің халық неге әлі күнге дейін инвестиция, криптовалюта деген тақырыптарға күмәнмен қарайды?
- Әрдайым жаңа, естімеген дүние қорқынышты болып көрінеді. Бір кездері интернет пен компьютер де қорқыныш тудырған. Сол секілді бұл да жаңа дүние болғандықтан көпшілік халық қабылдай алмай, түсіне алмай жатыр. Одан бөлек бізде адам өздігінен іздену, ақпарат көздерін салыстыру деген мәдениет жоқ. Адам неғұрлым білім жинаса, жаңа дүние соғұрлым түсінікті болады, және қорқыныш пен үрей сейіледі. Сондықтан осындай жаңа инновациялар халыққа жақын болуы үшін бұқаралық ақпарат көздері арқылы көп насихаттауымыз керек. Шыны керек, адамдар қазір тұрмыстық деңгейден ары дүниелерге бастарын ауыртқысы келмейді. Бұл – үлкен мәселе. Оны шешуге БАҚ, ұстаздар да атсалысу керек.

- Цифрлы валюта туралы көп таралған жалған пікір қандай?
- Көпшілік бұл байлардың ісі, қомақты капиталы бар адам ғана табысты бола алады деп ойлайды. Бірақ мүлде олай емес. Бұл негізі нарықтық заманда барлығын теңестіру мақсатында ойлап табылған дүние еді. Бұл саламен кез келген адам айналыса ала алады. Сондықтан, бұл сала тек байлар үшін деп ойлау жалған түсінік. - Бәсекелестеріңіз бар ма?
- Бәсекелестерім жоқ десем де болады. Себебі, криптовалюта саласында арбитраж саласында халық ең алғаш рет мені танып бастағанын көбісі біледі.
- Болашақта жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
- Болашақта қазақ тілде елді жаңа салалармен таныстырып, басқа да мамандықтарды үйрету. Одан кейін әрине, қаржылық жағынан жаңа денгейге көтерілу және халыққа білім беру.
- 10 жылдан кейін өзіңізді кім ретінде көресіз?
- 10 жылдан сон бірнеше бизнесі бар кәсіпкер және инвестор. Стартаптарга қолдау көрсетуші қоғамдық істерге қолдау көрсетуші меценат. Өзімді отбасында жақсы әке, сүйікті жар. Ата-ананың мақтанышы болған баласы ретінде көремін.
- Осы салаға келгісі келетін жандарға айтар нақты 3 кеңесіңіз…
-1. Жас кезде бізде уакыт та энерия да ресурста болады. Соны болашақта сені асырайтын нәрсеге арнаңыз.
2. Әрдайым тренде болу. Жаңа мамандық, жаңа кәсіп түріне ашық болыңыз.
3. Кез келген кәсіп тәуекелділікті ұнатады. Сондықтан, саналы түрде тәуекел етуден қорықпаңыз.
- Сұқбатыңызға рахмет!
- Әңгілемескен: Назира БУРХАНОВА
#ТөленбайМейірман
#ТоленбайМейірман
#ТоленбайМейрман
#криптовалютамаманы
#Төленбай_Мейірман
#Толенбай_Мейірман
#Толенбай_Мейрман
#криптовалютамаманыМейірман
#Толенбай_Мейрман_ювижн
