Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Пантогематоген — аурусыз, ұзақ бақытты өмір

"Жолдасымның мамандығы мал дәрігері болғанғандықтан, 2016 жылы қаладан ауылға көшіп, марал өсіру жобасын қолға алуды ұсынды. Мен бұл идеяны қолдап, медицина қызметкері ретінде адамдарды емдейтін санаторий салуды ұсындым, өйткені мүйізді марал шаруашылығының өнімдері өте шипалы. Осылайша, 2018 жылдың маусым айында Мәртөк ауданы, Қазан ауылында Пантолечебник жұмыс істей бастады", - деп бастады әңгімесін біздің бүгінгі кейіпкеріміз марал өсіру  шаруашылығының басшысы, «Зәру» пантоемхана-шипажайының құрылтайшысы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Атамекен» ЖК аймақтық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Бану Тілегенова.

Пантогематоген тазартылған марал қанынан жасалады екен. Кесілгеннен кейін мүйіздің өзі емдік сорпаны пісіру үшін пайдаланылады.

Биылғы жылы марал шаруашылығында өндірілген пантогематоген «Қазақстанның үздік тауары» байқауында жеңімпаз атаныпты. Оның халықаралық сапа сертификаты бар және құрамында 65% магний бар.

Оның емдік қасиеттерінің арқасында төрт жыл бойы мұнда 6 мыңнан астам адам денсаулығын жақсартып, иммунитетін жақсартты. Қазақ мүйізі өнімдерінің басым бөлігін Қытай мен Оңтүстік Корея сатып алуы бекер емес.

#БануТілегенова

#ПАНТОЕМДЕУ

0
0
1038

Осы тақырып бойынша

Пантогематоген — аурусыз, ұзақ бақытты өмір - Yvision.kz