Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” 14 қыркүйектен бастап

Жақында Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде Санжар Омаров режисерлік еткен “ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” трагикомедиясының жабық көрсетілімі өтті. Тұсаукесерге журналистер, блогерлер және кино саласының мамандары қатысқан болатын. Фильм 90 минутқа созылды. Соңында әдеттегідей түсірілім тобы мен режиссердің қатысуымен пресс конференция болды. Пресс конференция барысында көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жеке пікіріме келер болсам, бұл киноның ерекшелігі бастан-аяқ таза қазақша түсірілгендігінде дер едім.

Кейіпкерлердің диалогтары жанды. Қазақ отбасыларындағы көп жағдайды көрсеткені байқалады.

Әрине, келіспейтін де тұстарым бар. Дегенмен, әр адамның ойы әртүрлі екендігі ескеріп, жеке ойымды өзімді қалдыруды жөн көрдім.

Фильмнің қысқаша мазмұны:

Дариға отбасымен қаланың шет жағында өмір сүреді.Дариғаның күнделікті өмірінің бір бірінен еш айырмашылығы жоқ. Тұрмыстан әбден шаршап, өмірдің рахатын сезінуден қалған. Күйеуі оған назар аудармайды, балалары тіл алмайды, енесі қатал, ал қайын сіңілісі күйеуге шығып болмай жүр. Дариға үйдегі кезекті жанжалдан соң аяқ астынан отбасылық қарым қатынас туралы танымал Коучер жүргізетін тренингтың жарнамасына ұшырасып қалады. Аталмыш тренингқа барып көрген Дариға өмірін өзгертуді жөн көреді. Бірақ бұл анау айтқандай оңай болмай шығып, біраз күлкілі жағдайға әкеліп соғады. Дариға енді ғана бәріне қолды бір ақ сермемек болғанда бәрі өзінен өзі реттеле бастайды.Әйелінің өзгеріп жүргенін көрген Жасұлан да өзгеріп, жұбайына назар аудара бастайды. Дариға өзінің жас өспірім қызына өтпелі кезеңнің қиындықтарынан өтуге көмектеседі. Енесі де өзінің тым қатал болғанын түсініп, жұмсара бастайды.Барлығы Айнаштың тойымен аяқталады.«Өміріңді өзгерткің келе ме? Өзегісті өзіңнен баста!»

Атпақшы, бұл кино 14 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларына көрсетіледі.

0
0
1747

Осы тақырып бойынша

“ТҮПСАНА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ НӘСКИ” 14 қыркүйектен бастап - Yvision.kz