Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары тұрақты

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалы жанынан əлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға құрылған мониторинг топ мүшелері аудан орталығындағы азық-түлік сататын дүкендерде болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мен қамтамасыз етілуі бойынша мониторинг жүргізді. Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті әрі бағалардың тұрақты екені анықталды. Дүкен иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жөнінде түсіндірме, сондай-ақ баға көрсеткіштері барлық тауарда болуы шарт екені туралы жұмыстар жүргізілді. #мониторингAMANAT

0
0
218

Осы тақырып бойынша