Мемлекеттік қызметшілерге «Қонақ дәрістерін» өткізу үрдісі жалғасын табуда
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалында «Қонақ дәрістерін» өткізу үрдісі жалғасын табуда.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 02 қараша күні біліктілігін арттырудан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілерге Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Исабеков Ерлан Шойұлы қызмет атқару барысында жинақтаған тәжрибесімен бөлісіп, «Сенім - жұртшылық пен мемлекеттік қызметкер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді және негізгі критерийі» тақырыбында дәрісін өткізді.
Лекция өткізу барысында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу жүргізілді.
Департамент филиалмен бірлесе отырып, «Қонақ дәрістері» ынталандыру алаңын жетілдіру жұмыстарын жалғастырады.
