Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Мерекелерімен құттықтады

Мерекелерімен құттықтады

Бүгін «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев өңірдегі бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

- Журналистика өте күрделі және маңызды сала. Сіздер халық пен биліктің арасында алтын көпір орнататын кәсіби мамансыздар. Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, қағидаттылығы, жеделдігі мен бейтараптылығы, адамдарға көмекке келуге дайын болуы дәл осындай тамаша қасиеттер біздің қоғамымызды одан әрі дамытуда. Кәсіби мереке күні сізді партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жолында қолдау көрсетіп, іске асырылуын объективті жариялап жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Өз кәсібіңізге адалдық танытып жүргенңізге ризашылығымызды білдіре отырып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге шығармашылық табыс тілеймін. Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер, -деді М.Мұқаев.

Кәсіби мерекеде мерейі тасып, марапатта ие болғандар қатарында «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, орынбасары Сәкен Әбілхалықов пен Нұрымбек Жапақов, Ясипа Рабаев, Нұрбек Оразаев сынды бірқатар тілшілер болды.

Салтанатты шара барысында партия өкілдері журналистермен дастарқан басында емен-жарқын пікір алмасып, алда да бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

* * *

Поздравили журналистов

Сегодня первый заместитель председателя областного филиала партии «Nur Otan» Мурат Мукаев поздравил работников СМИ с праздником и вручил им благодарственные письма и памятные подарки.

— Журналистика — сложная и значимая сфера, своеобразный мост между народом и властью. Точность и объективность информации, принципиальность, оперативность и беспристрастность, готовность помогать людям — вот те замечательные ваши качества, которые способствуют дальнейшему развитию нашего общества. В этот профессиональный праздник хочу поблагодарить вас за поддержку в реализации предвыборной программы партии и за объективное освещение о ее реализации. Выражаю благодарность за преданность своей профессии, желаю вам творческих успехов на вашем нелегком поприще, — сказал Мурат Мукаев.

Среди награжденных — главный редактор газеты Приуралья Роза Сыикова, заместитель редактора Лучия Курарару, журналисты Жанна Балыкова и Перизат Баймагамбетова.

В ходе встречи представители СМИ пообщались с представителями партии в свободном формате и обсудили некоторые аспекты дальнейшей совместной работы.

zhaikpress.kz

@nur_otan

@baibekbk

@murat.mukayev

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

1
0
263

Осы тақырып бойынша