«MIRAS» кеңесінің отырысында қазақ тілін дамыту мәселесін талқыланды
Қызылжар ауданында 40 ауыл бар болса, соның 26-ысында қазақ мектебі түгіл, сыныбы да жоқ. Басқа аудандардағы жағдай да аса мәз емес. Әсіресе, басқа өңірлерден көшіп келген отбасылардың балаларына орысша оқу қиын.
Көптеген ауылдарда Совхозная, Октябрь, Ленин сияқты әбден ескірген көше атаулары жетіп артылады. Тіпті Қарақамыс сияқты таза қазақ ауылдарындағы көшелердің атаулары орысша.
Қызылжар ауданына қарасты Петерфельд ауылындағы Октябрь көшесіне ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың атын беруге тұрғындардың бірде-біреуі қарсы болмаса да, неге екені белгісіз, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.
Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысында аудан әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді. Оның айтуынша, соңғы 3 жылда 38 елді мекендегі 139 көше қайта аталған. Виноградов, Якорь, Петерфельд, Рассвет ауылдық округтерінің көшелеріне Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев және Сәбит Мұқанов есімдері берілген. Бірақ алдағы уақытта атауын ауыстыруды қажет ететін ауылдар бар екенін мойындады. Соның бірі – тас жолдың бойынша тұрған Чапаев ауылы. Бұл мәселе бұған дейін де «MIRAS» кеңесінің отырысында көтерілген болатын.
Басқа аудандардағы жағдай да осыған ұқсас.
Сондықтан кеңес мүшелері аудандар әкімдерінің орынбасарларына барлық елді-мекендерде қазақ сыныптарына қажеттілікті анықтап, мүмкіндігінше ашуды, идеологиялық жағынан ескірген атауларды ауыстыруға ат салысуды ұсынды. Әсіресе, тас жолдың бойындағы Келлеровка, Чкалово, Ильичевка сияқты ауылдардың атауын ауыстарын кез келгенін қадап айтты.




