Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісі қазақ халқының киелі де қасиетті музыкалық аспабы Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Елбасының бұл Жарлығы – халқымыздың ұлттық өнерін қадірлеу мақсатында жасалған игілікті іс.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында бұл мерекені атап өту ұлттық ұстын мен тәрбие, халқымыздың салт-дәстүрін мансұқтауға қосатын үлес.

Сол себепті бүгін облыстық филиалдың ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында киелі аспапты дәріптеу арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани санасын жаңғырту мақсатында кәсіпқой, танымал және әуесқой күйші-домбырашыларды тарта отырып, «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» атты онлайн челленджі бастау алды.

Толығырақ төмендегі сілтеме арқылы біле аласыздар:

https://www.facebook.com/nurotanbko/posts/3855212641243695

1
0
200

Осы тақырып бойынша