Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті

Отырыс жұмысын кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мұхтар Бақбергенов ашып, жүргізді.
Кеңестің отырысына "Мәруа Құлашева атындағы қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының" психологы Гаухар Жүнісбекова , Ұлытау облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы, полиция полковнигі Дәулет Молдаханов арнайы шақыртылды.
Күн тәртібінде балаларға қатысты кез-келген зорлық зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесін талқыланды.
Алғашқы болып Гаухар Жүнісбекова баяндамасын оқыды. Оның мәліметіне сәйкес қазіргі таңда балаларды қолдау орталығында 48 бала тәрбиеленуде. Соңғы үш жылда 31 тәрбиеленуші бала отбасына орналасса, 2 баланың құжаттары қамқорлыққа берілуге дайындалуда.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Тұрақты топ балалары мемлекеттік үй алу кезегінде тұр. Сонымен қатар, балалар кәмелет жасқа толғанда да әлеуметтік сүйемелдеу болады.
Келісі баяндаманы оқыған Ұлытау облысының полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы, полиция полковнигі Дәулет Молдаханов. Қазіргі таңда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстың саны 52,9%-төмендеген.
Жыл басынан кәмелетке толмаған 22 жасөспірім есепке қойылды. Олардың қылмысқа барып, шалыс басуына қолайсыз отбасылық жағдай болып табылады. Облыс бойынша барлығы 66 отбасы қолайсыз деп есепке алынған, өткен 9 ай ішінде 48 отбасы есепке алынды.
Кеңес мүшелері осы ақпараттарға сәйкес өз пікірлерін білдірді. Балалардың тұлға болып қалыптасуына қоршаған ортасы тікелей әсер ететіні жасырын емес. Сондықтан, жасөспірімдерге ата-ана, педагог тарапынан осыны бақылауды күшейту керектігі айтылды.
