Партия өкілдері Көгерістегі медициналық пункттің күрделі жөндеуімен танысты
Аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Көгеріс елді мекенінде болып, ауылдағы құрылыс нысандарын аралады. Мұнда қос құрылыс жұмыстары қатар қарқынды жүзеге асырылуда. Бірі – ауылды сумен жабдықтау болса, екіншісі – медициналық пункттің күрделі жөндеуі. Су құбырлары құрылысының жобалық сметалық құжаттамаларына сәйкес құны 180,676 млн теңге. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «LifeStroy Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып аңықталған. Мерзімі - 5 ай. Бақылау шарасы барысында су құбырының құрылысын қайта құру жұмыстарына қажетті материалдар жеткізілгенін. Қазіргі таңда жерді қазып, құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде. Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан көктемгі ағынды су кезінде жаңадан орнатылған ауыз су құдығын шайып кетпес үшін биіктетуге ұсыныс айтылды. "Сәтін салса, қазан айында пайдалануға береміз, бастысы ауа райы қарасып тұрса болғаны"- дейді мердігер тарап. Ауылдағы көнерген медициналық пункттің ғимаратының жөндеу жұмыстарына сын айтылып, дер кезінде сапалы құрылыс жүргізіп, олқылықтың орнын толтыруға қатысты ескерту жасалды.
#AMANAT


