Сен де актерсің?!
Əр адамның бойында актерлік қабілет болады. Ол қабілетті сіздер тек киноға түсуші актер немесе актрисалардан емес, өз бойыңыздан да табасыз. Себебі, өмір ол - кино ал сіз актерсіз. Жоғары жақтан сіздің киноңыздың сценарийі жазылып қойған. 🔸️Сіз тек театр немесе кино актері ретінде берілген рөліңізді сомдап шығасыз. Əр түрлі рөлдер болады. Оны қоғамның əр бөлшегінен, айналаңыздағы адамдардан-ақ байқайсыз, өмір оған қандай рөл тағайындағанын. 🔸️Сіздің күнделікті жұмысыңыздағы, оқудағы, үйдегі көңіл күйіңіз əр түрлі болады. Жұмыстастарыңызды, я болмаса бастығыңызды ұнатпасаңыз да, сөйлесуіңізге, оны жек көрмейтініңізді барынша көрсетесіз. Ол, актерлік қабілетіңіз. 🔸️Өмірдің əр түрлі сынақтарына дайын болмасаңыз да, сізді режиссеріңіз ☝️ қалыпқа келтіреді. Бір уақытта көкке көтере алады. Биіктікті бағалай алмаса төмендетеді. *** Мен солай ойлаймын!
