Спорт нысанына партиялық бақылау
Аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Өлеңті ауылында салынып бітуге жақындаған спорт алаңына партиялық бақылау жүргізді. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Артур Искаковтың айтуынша, спорт алаңының ені 24 м, ұзындығы 44 м. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер – «Жайық Сити» ЖШС. Мамыр айының басында басталған спорт алаңы маусымның соңында аяқталады. Қазіргі таңда қоршау жұмыстары, бетон құймасын құю, резинкалы жабынын төсеу жұмыстары, сондай-ақ электр жарығын жүргізу жұмыстары аяқталды. Нысан аяқталу сатысында, маусым айының аяғында тұрғындардың игілігіне берілмек.



