Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Тұмар ханшайым туралы толғаныс

Әйгілі  тұмар ханшайым (Томирис)туралы тарих пәнінен оның ерлігі мен өжеттілігіне қатты тамсанып тыңдайтынбыз. Тарих пәнінен естігенен кейін, тұмар ханшайымды өз көзіммен көруге асықтым.  Бір күні "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп,жарыққа шықты. Фильмді алғаш көрген сәтте бейне бір тарих қойнауына еніп,ерекше сезімге бөлендім.

Сақ тайпаларының көшпелі өмір-салты,тұрмыс-тіршілігі суреттеліп,олардың әдет-ғұрыптарымен,наным-сенімдері көрсетіліп,өзгеше реңк береді. Бір ерекшелігі- кейіпкерлер парсы және түркі тілінде сөйлейді. Фильмде тұмар ханшайымның балалық шағында жақындарынан айырылып ,есейіп,бой жеткенде  қуатты патшайымға айналғанға дейінгі тағдыры суреттеледі. Тарихқа сүйенетін болсақ, ел басқарған Томирис патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Томиристің әкесі билікте, көрегендігімен,даналығымен көзге түсті.Томирис өмірге келген сәттен-ақ анасы көз жұмады. Жастайыннан әкесі ерлікке баулып,қаһармандыққа тәрбиелейді. Тұмар ханшайым жайлы тарихи фильмнен кейін қазақстан тарихындағы ерліктерімен есте қалған батыр - бабалармен талантты тұлғалар туралы туындыларды оқуға деген  ықыласым оянды. Тарихымызда батылда батыр  тайпа көсемі тұмар ханшайымның болмысында даналық пен қайсарлық қатар көрінді. Массагет тайпасының абыройын арттырып, еліне қауіп төнгенде ақылымен,данышпандылығының арқасында тізгініндегі билікті әділетті басқара білді.Сонымен қатар ата-бабаларымыз қалыптастырған салт-дәстүр,наным-сенімдер,мәдениетімізді кеңінен көрсетті. Мен көрермен ретінде тұмар ханшайымның ерекше бейнесімен болмысымен табиғатымен таныстым. Тарихта өзінің өшпес ізін қалдырып,таңғажайып оқиғаларымен тамсандырған,-Тұмар ханшайым. Жас кезінен ат құлағында ойнап, тұтас елді басқара білген патшайым. Барша көрермендерге тарихы терең,батыл ата-баба

ларымыздың ерліктерімен таныс болып,отандық Томирис фильмін  тамашалауға кеңес беремін.

Алматы қаласы

№40 Жалпы білім беретін мектептің

11 “Ә” сынып оқушысы

Жамбулова Айым

0
0
500

Осы тақырып бойынша

Тұмар ханшайым туралы толғаныс - Yvision.kz