Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Талдықорғанда «Жастарға кеңес» акциясы өткізілді

Жетісу облысының жастар ресурстық  орталығы және ҚР Мемлекекттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласының халқы көп шоғырланған жерлерде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және  жастарды ақпараттандыру мақсатында «Жастарға кеңес» атты үгіт-насихат жүргізу шарасы өткізілді.

Аталмыш шара мақсаты: ("Жастар тәжірибесі", "Дипломмен ауылға","Бірінші жұмыс орны") мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын жастар арасында насихаттау және жұмыссыз, NEET тобындағы жастарға бағдарламалар бойынша түсіндірме кеңес беру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қызметке кадрларды тартудың кешенді жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының мамандары мемлекеттік қызметке орналасу шарттары мен тәртібі, ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау рәсімдері туралы толық түсініктеме берді сонымен қатар Департаменттің байланыс телефондары мен тестілеу бағдарламалары көрсетілген брошюралар таратылды.

ҚР Мемлекекттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

0
0
425

Осы тақырып бойынша