Тасқұдықтықтарды қабылдады

Аудандық мәслихат депутаттары Шынар Дуйсенгалиева мен Айнагүл Ойшыбаева бүгін аудан орталығынан шалғайда орналасқан Тасқұдық ауылында болып, тұрғындарды қабылдады. Ауылдағы мәдениет үйі ғимаратында өткен сайлаушыларды қабылдауында депутаттар ауыл тұрғындарының тұрғын үй, тұрғын үйіне көгілдір отын тарту мәселесі жөніндегі шағымдары мен сауалдарын тыңдап, шешу жолдарын талқылады.
Фракция мүшесі азаматтарға ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында кеңестер беріп, кейбір мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.
#AMANAT

