Тележүргізуші: "Қазақты барынша арандатып жатыр"

Мына бишілердің бірі еркек дейді. Қазақты барынша арандатып жатыр. Үшінші фронт ашқысы келетін арам ниеттілердің тірлігі. Төзімдері қай жерде тарс етеді деп көргісі келеді. Бұған үн қатпадыңдар деп айтақтап отыр кейбіреулер. Ал үн қаттық дейікші. Сонда елдегі қызтекелердің бәрін қырып тастауымыз керек пе әлде Қазақстандағы әр киіз үйдің ішіне ЛГБТ-лар билемесін деп күзет қоюымыз керек пе?! Неге полиция жұмыс істемейді. Неге желідегі үш-төрт адам ғана шуылдап қою керек?! Меніңше, құзырлы органдар ұлттық құндылық пен дәстүрді қорлағандарды “ұлтаралық араздықты қоздырды” деп заңмен жауапкершілікке тарту керек.
Ерқанат Көпжасардың жазбасы
