Вандализмге жол жоқ!
Вандализмге жол жоқ! Осындай ұранмен «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен сақтауға бағытталған республикалық ауқымды акцияны жалғастыруда.

▫️Осы акцияны қолдау мақсатында Ұлытау облыстық «AMANAT» партиясы және партия жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ қаладағы «Ер есімі - ел есінде» ескерткіші жанына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

▫️ Өз өлкеміздің таза болуы - өз қолымызда! Қаламыздағы ұлы тұлғалар ескерткіштеріне ешқандай зарар келтірмейік!
