Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Ұйятсыз видеоларды көрудің салдары

Соңғы кездері жаңалықтарда кішкентай қыз не ұл балаларды ересектер зорлағандары жайлы айтады. Жақында әскерде қайтыс болған жігіттің зорланған болуы да мүмкіндігін айтады.

Бұл нәрселерге бірінші себеп адамның күнәкар табиғаты. Бүркіт бүркітке сай қылықтарын істейді. Өйткені табиғаты сол. Адамдардың табиғаты күнәкар болғандықтан осы күнәкар қылықтарды істейді. Егер Құдай жоқ болса, онда жаңа аталған нәрселерді дұрыс емес деп айтуға негіз болмайды.

Екіншіден осы күнәкар қылықтардың қазіргі уақытта шыға бастағанының себебі, менің ойымша интернетте ұятсыз видеоларды көргендігі. Ол адамдар сол видеоларды көреді. Тіпті кішкентай бала кезінен көріп өскен адамдар қазір ересек жаста. Ол тек фантазия болып қала бермейді, бірақ адам видеода көргенін жүзеге асырғысы келеді. Бірақ ол оны толықтай қанағаттандыра алмайды. Наркотик сияқты, қазір қолданған дозасы ертең жеткіліксіз болады. Соған ұқсап, қазір көрген видеолары ертең жеткілікті қоздырмайды. Одан да артық қоздыратын видеоларды іздейді. Кейін тіпті ол видеолар да жеткілікті ләззат алып келмейді. Сондықтан ол көргендерін жүзеге асырғысы келеді. Иса былай деген: "— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы." (Жохан 8:34)

Бұл күнәкар болмыс не табиғаттан арылудың жолы тек қана Құдай да. Кез келген Құдай емес, бірақ Киелі кітапта ашылған шынайы тірі Құдайда. Күнәнің құлдығынан арылтатын тек Иса Мәсіхке деген сенім. "Күнәнің беретіні — (мәңгілік) өлім, ал Құдайдың беретін сыйы — Иеміз Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы мәңгілік өмір." Рим. арналған хат 6:23.

Егер күнәңізден арылып, Құдаймен татуласқыңыз келсе тек Иса Мәсіхтің айқыш ағаштағы өлімі және қайта тірілуі арқылы Құдай алдындағы біздің күнәларымыз үшін құн төленгеніне сенім арту арқылы ғана кешірім ала аласыз.

0
0
432

Осы тақырып бойынша