Жетісу облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді
А. ж. 13 қазан күні Департаменттің бастамасымен бірегей облыстың аудан, қалаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтарды олардың құқықтарымен және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру.
Қабылдау барысында қызмет алушыларға 43 консультациялық көмек көрсетілді, сонымен қатар азаматтар өздерінің 37 сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Осындай іс-шаралар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

