Бақытыңды сен менен іздемедің...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия душия «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Айнур Ниязова
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бақытыңды, сен менен, іздемедің,
Жүрсемдағы, көлеңкеңді мен іздеп.
Шын сезімге, махаббатқа сенбедің,
Іздей бердің, әр жағдайдан, бір себеп.
Ал мен болсам, сүйіп едім, жаныммен,
Бірде күйіп, бірде жанып, сағыммен.
ТІлдесушем, мұңлы түнде, айыммен,
Сен кеткенде, амандықты тілеумен.
Бұрқыраған толқынында өмірдің,
Тұра алмадық, қарсы келіп, тағдырға.
Сезбедің ау, шырылдаған көңілдің,
Терең сырын, қарай беріп, басқаға.