Қайран заман өтіп жатқан өмірім «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Дудук композициясы «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Мир полон чудес «Природа»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қайран заман, өтіп жатқан өмірім,
Неткен дауыл, оралдым ба қаңбаққа?
Бір толмады-ау, еш нәрсеге көңілім,
Оралдың ба, сен тағдырым, жұмбаққа?
Жаза алам ба, салып кеткен жараңды?
Күш қуатым, аз болсада бойымда.
Талпынамын, тағы салып барымды,
Тұрсадағы әлі Анам ойымда.
Түндер жатыр, ауысып күніменен,
Ақ маржандай тізіліп, бір моншаққа.
Бұл тіршілік, әкетеді-ау жүгіменен,
Сұрамастан, қарамастан, жан-жаққа.
