Қалайша сені ұмытпадым
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қалайша, әлі сені, ұмытпадым,
Қыл үстінде, болса да бар, үмітім.
Салып кеткен жараңды, жаза алмадым,
Сен деп, сен деп соға берді-ау жүрегім.
Мейли, мейлі бола берші басқамен,
Менен артық таба алсаң, басқа жанмен.
Қайтейін мынау жүректің, мен дүрсілін,
Баса алмадым, мұңымды, сан ойлаумен.
Бір көрініп, лап етіп, оттай жанған,
Бұл сезімге не дерсің, армандаған.
Жыласамда қайтейін, мен сұраған,
Өзің едің, тағдырымнан, тағдырдан.
Жылап тұрып, ойланайын сөзіме,
Шын сүймесен, бекер өтер өмірің.
Бар мұңымды, құрбан етем, өзіңе,
Болмаса да, мен де бүгін, көңілің.
