Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралдық па, біз кішкентай ұшқынға? «Ақ сезім ғой, мың шалқытып самғатқан»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Оралдық па, біз кішкентай ұшқынға?

От едік қой, лаулап тұрған кезінде

Неліктен, біз жете алмадық арманға?

Болмады ма, әлде сенім сезімде?

 

Болсаңдағы ұшқын болып, енді сен

Жасай берші, мен өтінем, өшпеші

Көз жасыңды, көрмегейін енді мен

Бұл тағдырға, тұра алмадық керісінше

 

Білмеп пе едің, бұл өшпейтін махаббат?

Ақ сезім ғой, мың шалқытып самғатқан

Ащы – тәтті дәміменен, ол қымбат

Бөліп жатып біздерді, сағындырған

 
1
1
549

Осы тақырып бойынша

Оралдық па, біз кішкентай ұшқынға? «Ақ сезім ғой, мың шалқытып самғатқан» - Yvision.kz