Не істерсің тағдырға
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Крис Сфирис «Allura»
Бейнематериал авторы – «Поющие водопады» Г. Перелетов
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Тағдыр, тағдыр, кездестірген, маған оны,
Өртенді-ау, ойланбастан мынау жаным.
Айыптау, мүмкін емес сүйгенді,
Бір көргеннен, мен оны сүйіп қалдым.
Шырылдайды бозторғайдай, мынау сезім,
Тордағы, тоты құстай, зар жылайды.
Жалғыз енді, неге, неге ол жетім?
Бір жауапты, сезік жаным таппайды.
Мүмкін айтар біреулер, неге сүйдің?
Ойланбастан, отына, неге күйдің?
Күлімдеген көзінен, нені ұқтың?
Бұл сезімнен, айтшы жаным, не күттің?
Махаббат, махаббат, мың жырлаған,
Сүю, күю заңымен, орын алған.
Самғатып ап, аямастан құлатқан,
Бірде сезім, бірде болған, тек арман.
Не істерсің, бұл тағдырға, не істерсің?
Кім сұрапты, нақ шешімді, біздерден.
Әй тағдырым, аяп тұрып, күлгейсің,
Суырып алып, бар сенімді, көңілден.
