Аямайық ақ сезімді сүйгеннен
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – Ақбота Мұсабекқызы «Ғашықтар мекені»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Болайықшы, бір мезгіл, кешірімді,
Аямайық ақ сезімді, сүйгеннен.
Шын күлкіге, толтырайық сезімді,
Жақсы емес пе, өсіп – өніп гүлденген.
Тек сеніммен қарайық, көзімізге,
Дірілдесе кірпіктерде нәзік жас.
Жүк түсті ме, ойланайық сезімге,
Мендік пе екен, әлде қылған бізді мас?
Әрбір сағат, кетіп жатыр тоқтамай,
Бар сезімді, бағалайық ойланбай.
Сүйемін деп, айту керек, аянбай,
Бақ күндерді, тізіп қойып маржандай.
«Бақытымсың» - деу керек, мен сұраған,
«Жалғызымсың, таңымда армандаған.
Тілегімсің, тірегімсің сен маған,
Жарығымсың, тек мен үшін жағылған»
Осылай, жинайық біз маржанды,
Бойымызға, тұмар қылып, бір іліп.
Жаратқанда жақсы көреді, әр жанды,
Бағалаған күндерін, тәубе етіп.
