Жүрегім сен деп соғады «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өлеңді оқыған – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Әуен авторы – Т9 «Ода нашей любви»
Бейнематериал авторы – Beliar «Природа»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Сен үшін, жаным садақа,
Бұл сезім, әкетті арманға.
Қараймын, алаңдап жол жаққа,
Тосумен жүрмін, сағымда.
Жүрегім сен деп соғады,
Әрдайым, өзіңді ойлаумен.
Мынау таңым, сен деп атады,
Қаласаң, келейін тойлап мен.
Нәзігім, жаным, бақытым,
Ризамын тағдырға, ризамын.
Бір өзің сенерім, жан құтым,
Сұлуын әлемнің сыйлармын.
Күн санап, көргенше асығам,
Елесің жүргендей, ілесіп.
Мұңайып, сарғайып сағынам,
Суретпен үнсіз, тілдесіп.
Бар гүлін, әлемнің ұсынам,
Махаббатыңды маған арнасаң.
Сезімге батып, бағынам,
Ойыңда, сен мені, сақтасаң.
