Мазмұнға өту
Aikosmuz

Айгүл Сағымбайқызы

@Aikosmuz

Сайтта 2013 ж. 21 қазан

Родилась в г. Целинограде, ныне столица Республика Казахстан г. Астана В 1987 г. Окончила КГМИ, факультет санитарно - гигиенический. Народный писатель свободного жанра Деньги на поддержку канала и покупки нового оборудования по возможности можете выслать на нижеуказанный счет в киви: QIWI - +77478330581 Бақытжан Бекмұхаммедұлы

рейтинг

250

жазбалар

570

пікірлер

456

тіркелуші

18

жазылымдар

0

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Michel Pépé - La Vision Du Coeur

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын,

Қайта орал деп мен саған, жалынбаймын.

Бар білерім сөйлейді санам осылай,

Бірақ жүрек аңсайды-ау, сені қимай.

Ақымақ сезім, түсінбейді, жоқ десем,

Мазамды алады, күндіз-түні, қой десем.

Әні кетіп барады, мені сүйген,

Қоштасуды тағдырым, маған түйген.

Көндіремін мен қалай, сезімімді,

Елес көктем, ұсынбашы сен гүлді.

Мейлі енді, босатайын көңілімді,

Бірақ сезім, жылап қалған секілді.

1
0
588

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Roybenbeat Music «Love»

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сұрағым бар өзіңе, жалған дүние,

Жер бетіне неге келдім, не үшін?

Жүрегіме, айтшы неге тіл бердің,

Қасиетті қаламның, беріп күшін.

Қайран дүние, жалтырап шақырасың,

Талайларды, жолыңнан тайдырасың.

Мен де соның бірімін, арман қуған,

Тіршілікке салынып, уақыт құртқан.

Іздеймін-ау жалқаулықтан мен себеп,

Ақталамын несіне, пендемін деп.

Жиған-терген дүнием, артта қалар,

Ақыретте иманым, досым болар.

Бұл дүниеге білемін, келдім туып,

Өмірімді, кетермін бір күн қиып.

Жүре берсем осылай, дүние қуып,

Тоқтар менің жүрегім, сөзін тиып.

0
0
1140

Үмітті құрдым, ақ таңға...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Нуржан Тажикенов «Сағыныш»

Бейнематериал авторы – Елена Кошевая

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Үмітті құрдым, ақ таңға,

Отаным, жылап жатқанда.

Дақ түсті, қалай ақ қарға,

Кінәлі кімдер, қарға ма?

Үміттің таңы, атқанда

Ынтымақ туып жатқанда.

Қу жылан кіріп араға,

Шаштыма уын далаға?

Қарғаға туған, жарық күн,

Оралар түнге бір күні.

Халықтан, шыққан зарлы үн,

Естілмей қалса, сол күйі.

Жыласа елім, сол қайғы,

Қасіреттен мүлдем шыға алмай.

Аман бол, алтын бесігім,

Мәңгілік саған, тілерім.

1
0
491

Білесің ғой, мен сені, сағынамын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Босатпайық, енді бүгін көңілді,

Бақыттымыз, біле білсең өйткені.

Жылдап келіп сақтаған, бұл сезімді,

Жылатпайық жүдетіп, біз ендігі.

Білесің ғой, мен сені, сағынамын,

Бір ойымнан, күндіз-түні шығармай.

Оңай емес, сарқылып таусыламын,

Бар әлемде, жалғыз өзім қалғандай.

1
0
645

Өмірімнің сыйы бар, әлі маған...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Сансызбай Ересенов «Полонез на домбре»

Бейнематериал авторы – Tatiana Blue

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Кім айтты, қарасы бар өмірдің, ағы жоқ деп,

Кім айтты, түннен кейін, таң жоқ деп?

Кім айтты, қыстан кейін, жаз жоқ деп,

Кім айтты, кім айтты жылағанға, бақ жоқ деп?

Оянғандай болдым-ау, мен ұйқыдан,

Мен пендемін, түңілмеген ешқашан.

Болар-жетер, не болды, енді маған,

Алда қанша арман бар, мен деп тұрған.

Сені ұмыту елім-ай, қиын маған,

Қазы-қарта, қымызы тамсандырған.

Таппадым-ау ұқсасты, бүгін саған,

Туған өлкем, елім-ай сағындырған.

Өмірімнің сыйы бар, әлі маған,

Мақсатына жетер-ау, армандаған.

Әй тағдыр-ай, көңіліңді берші маған,

Мен қайтайын еліме, сағындырған.

1
0
437

Қуанайық баға жетпес, өмірге...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Giovanni Marradi - Sofia's Dream

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Қуанамын өмірге, тамсандырған,

Қуанамын туысқа, сағындырған.

Қуанамын ұрпаққа, ойландырған,

Қуанамын жек-жатқа, ұмытпаған.

Қуанамын еліме, қазағыма,

Қуанамын басқа ұлттың, халқына.

Қуанамын қымыз, қарта, қазыма,

Домбырама қуанам, бауырсағыма.

Қуанайық бәріміз, жарық күнге,

Қуанайық баға жетпес, өмірге.

Мұң түспесін ешқашан, көңілдерге,

Қуаныштан шашу шаштым, еліме.

1
0
477

Келесін-ау біреуге, бақыт болып...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – PaSHEKA “Встреча двух сердец”Бейнематериал авторы – VIRA27196Өңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzСағынбаймын десем де, сағындырған,Бағынбаймын десем де, бағындырған.Ей махаббат, бар ғой сенің, мың қырың,Ашылмаған адамзатқа, мың сырың.Келесін-ау біреуге, бақыт болып,Қанат беріп, ұшыртасың самғатып.Сұлу етіп әлемді, мың өзгертіп,Бағын сыйлап жатасың-ау, көтеріп.Біреу жатар, махаббатан өкініп,Бар ма екен ғашықтар, шалынбаған?Сағымдары жатсада тағы өксітіп,Армандайды-ау сол кезді, артта қалған.Біреу жүрер сөйлесіп, көлеңкемен,Басқа түскен тағдырға, көнер емес.Тыңдамайды-ау келгенді, кеңесімен,Өз өмірін қалайды-ау, елесімен.Ал біреуі кетеді, ашуланып,Тағдырымен ойна…

0
0
461

Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Аrie Dzanashvili

Бейнематериал авторы – stef2012bg

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Зерттесем де түсінбедім, мен сені,

Досым бе едің, дұшпансың ба, сен маған?

Сонша мұңға батырасың, сен неге,

Жүрегімді, тыным таппай аңсаған?

Жайып салам көңілімді, неге саған,

Жұдырықтай жүректен, маза кетті.

Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған,

Бір жауапсыз, талай күнмен түн өтті.

Жан айқайым, әні тұр ғой көзімде,

Сары мұңым, тұрған жоқ па сөзімде.

Сүйгенім жоқ, сүйе алмадым, басқаны,

Өшпес сезім, тағдырымның бұйрығы.

Өртенеді ойымнан, ашып кеудем,

Жасқанамын мен кейде, кейде күйем.

Амал қанша, тағдырыма мен көнем,

Құлай сүйген өзімнен, бәрін көрем.

0
0
725

Бос үмітті өтінем, салмашы ойға...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Дмитрий Метлицкий – Романтическая балладаБейнематериал авторы – Дмитрий МетлицкийӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz “Сүйем десем, сен маған сенесің бе,Қайта оралсам, соңымнан ересің бе?”Деп жазыпсың, сен үндеу, телефоннан,Бұл сөздерің шыққан ба, тек қиялдан?Ұмыттым деп айта алмаспын, мен сені,Мен от болсам, сен мұз болдың, шіркін-ай.Қалт-құлт еткен тағдырдың, өткелінен,Қайта өтейік дейсің-ау, неге, қалай?Кеш қалдың-ау катейін, ондай болса,Бос үмітті өтінем, салмашы ойға.Мен ойымды айтайын, көңілің толса,Түсіре көрме, мені тағы, бос торға.Бағалайық өткенді, дақ түсірмей,Есте қалсын, бақытты, сол бір күндер.Сен алыстан жарқырап, тұрсаң сөнбей,Ғұмырыма бұйырған,…

0
0
328

Досым, неге ренжисің, сағынышқа...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Richard Clayderman - Love song in winterБейнематериал авторы – Mel-pӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzДосым, неге ренжисің, сағынышқа,Махаббаттың жалғасы, осы емес пе?Арман сезім әкетер, сені алысқа,Махаббаттан мас болсаң, бұл да бақыт, емес пе?Қайта орал деп жалынба, керегі жоқ,Оралғанмен ендігі, сезім басқа.Өрт сезімнен кешегі, қалсада шоқ,Шоқта, от боп жанады, үміт болса.Бұрқыраған тағдырды, кінәлама,Кім ұғыпты сезімнің, барлық мәнін.Жүрегіңе, қайта қонар шұғыла,Үніменен өзгертіп, өмір сәнін.Маржан болып шашылсын, мейлі жасың,Кернеп жатсын кеудеңді, сағынышың.Кек сақтама, жүрегіңді ауыртып,Күндеріңді өткізбе, мұңға малып.Сезім, досым, бір күні самғатады,Ал…

1
0
499