Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үмітті құрдым, ақ таңға...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Нуржан Тажикенов «Сағыныш»

Бейнематериал авторы – Елена Кошевая

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Үмітті құрдым, ақ таңға,

Отаным, жылап жатқанда.

Дақ түсті, қалай ақ қарға,

Кінәлі кімдер, қарға ма?

Үміттің таңы, атқанда

Ынтымақ туып жатқанда.

Қу жылан кіріп араға,

Шаштыма уын далаға?

Қарғаға туған, жарық күн,

Оралар түнге бір күні.

Халықтан, шыққан зарлы үн,

Естілмей қалса, сол күйі.

Жыласа елім, сол қайғы,

Қасіреттен мүлдем шыға алмай.

Аман бол, алтын бесігім,

Мәңгілік саған, тілерім.

1
0
492

Осы тақырып бойынша

Үмітті құрдым, ақ таңға... - Yvision.kz