Бос үмітті өтінем, салмашы ойға...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Дмитрий Метлицкий – Романтическая баллада
Бейнематериал авторы – Дмитрий Метлицкий
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
“Сүйем десем, сен маған сенесің бе,
Қайта оралсам, соңымнан ересің бе?”
Деп жазыпсың, сен үндеу, телефоннан,
Бұл сөздерің шыққан ба, тек қиялдан?
Ұмыттым деп айта алмаспын, мен сені,
Мен от болсам, сен мұз болдың, шіркін-ай.
Қалт-құлт еткен тағдырдың, өткелінен,
Қайта өтейік дейсің-ау, неге, қалай?
Кеш қалдың-ау катейін, ондай болса,
Бос үмітті өтінем, салмашы ойға.
Мен ойымды айтайын, көңілің толса,
Түсіре көрме, мені тағы, бос торға.
Бағалайық өткенді, дақ түсірмей,
Есте қалсын, бақытты, сол бір күндер.
Сен алыстан жарқырап, тұрсаң сөнбей,
Ғұмырыма бұйырған, сол да жетер.
