Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Келесін-ау біреуге, бақыт болып...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – PaSHEKA “Встреча двух сердец”

Бейнематериал авторы – VIRA27196

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сағынбаймын десем де, сағындырған,

Бағынбаймын десем де, бағындырған.

Ей махаббат, бар ғой сенің, мың қырың,

Ашылмаған адамзатқа, мың сырың.

Келесін-ау біреуге, бақыт болып,

Қанат беріп, ұшыртасың самғатып.

Сұлу етіп әлемді, мың өзгертіп,

Бағын сыйлап жатасың-ау, көтеріп.

Біреу жатар, махаббатан өкініп,

Бар ма екен ғашықтар, шалынбаған?

Сағымдары жатсада тағы өксітіп,

Армандайды-ау сол кезді, артта қалған.

Біреу жүрер сөйлесіп, көлеңкемен,

Басқа түскен тағдырға, көнер емес.

Тыңдамайды-ау келгенді, кеңесімен,

Өз өмірін қалайды-ау, елесімен.

Ал біреуі кетеді, ашуланып,

Тағдырымен ойнайды, өшін алып.

Түндерімен-күндері қалыптасып,

Адасады-ау, өзін өзі жоғалтып.

Махаббат-ай өмірді, өтіп жатқан,

Өзгертесің, сұрамастан ешқашан.

Қиялдың қармағына, іліп алып,

Лақтырасың мұң көлге, құйындаған.

0
0
462

Осы тақырып бойынша

Келесін-ау біреуге, бақыт болып... - Yvision.kz