Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Аrie Dzanashvili
Бейнематериал авторы – stef2012bg
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Зерттесем де түсінбедім, мен сені,
Досым бе едің, дұшпансың ба, сен маған?
Сонша мұңға батырасың, сен неге,
Жүрегімді, тыным таппай аңсаған?
Жайып салам көңілімді, неге саған,
Жұдырықтай жүректен, маза кетті.
Ей махаббат, сен кімсің, мазамды алған,
Бір жауапсыз, талай күнмен түн өтті.
Жан айқайым, әні тұр ғой көзімде,
Сары мұңым, тұрған жоқ па сөзімде.
Сүйгенім жоқ, сүйе алмадым, басқаны,
Өшпес сезім, тағдырымның бұйрығы.
Өртенеді ойымнан, ашып кеудем,
Жасқанамын мен кейде, кейде күйем.
Амал қанша, тағдырыма мен көнем,
Құлай сүйген өзімнен, бәрін көрем.
