Қуанайық баға жетпес, өмірге...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Giovanni Marradi - Sofia's Dream
Бейнематериал авторы – Andreea Petcu
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Қуанамын өмірге, тамсандырған,
Қуанамын туысқа, сағындырған.
Қуанамын ұрпаққа, ойландырған,
Қуанамын жек-жатқа, ұмытпаған.
Қуанамын еліме, қазағыма,
Қуанамын басқа ұлттың, халқына.
Қуанамын қымыз, қарта, қазыма,
Домбырама қуанам, бауырсағыма.
Қуанайық бәріміз, жарық күнге,
Қуанайық баға жетпес, өмірге.
Мұң түспесін ешқашан, көңілдерге,
Қуаныштан шашу шаштым, еліме.
