Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Michel Pépé - La Vision Du Coeur

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын,

Қайта орал деп мен саған, жалынбаймын.

Бар білерім сөйлейді санам осылай,

Бірақ жүрек аңсайды-ау, сені қимай.

Ақымақ сезім, түсінбейді, жоқ десем,

Мазамды алады, күндіз-түні, қой десем.

Әні кетіп барады, мені сүйген,

Қоштасуды тағдырым, маған түйген.

Көндіремін мен қалай, сезімімді,

Елес көктем, ұсынбашы сен гүлді.

Мейлі енді, босатайын көңілімді,

Бірақ сезім, жылап қалған секілді.

1
0
589

Осы тақырып бойынша

Мен қайтейін, кете бер, ұстамаймын... - Yvision.kz