Қосқұдық ауылында мектеп ашылды
Күні кеше конституция күнінің қарсаңында Қонаев қаласы Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылында 100 орындық мектеп қолданысқа берілді.Бұған дейін оқушылар 1952 жылы салынған оқу ошағында білім алған. Мектеп "Халық игілігі" қоғамдық қорының қаржысына салынған. Оған 750 млн теңге ақша жұмсалған. 767 адам тұратын бұл ауылда 86 бала оқиды. Ал биыл 1-сыныпқа 5 оқушы қабылданбақ.Оқыту мемлекеттік тілде, бір ауысымда жүргізіледі. Мұнда 24 оқу кабинеті, 2 шеберхана, компьютерлік сынып, 3 арнайы кабинет (физика, химия, биология), 3 интерактивті тақта, акт және спорт залдары, 60 орындық асхана, оқу залы бар кітапхана, медициналық кабинет бар. Мектепте 20 мұғалім қызмет етеді.Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты күнмен құттық…