Қоғамға пайдасы тиер саланы таңдадым
Еліміздің бас банкі келтірген ақпаратқа сүйенсек, цифрлық теңгенің енгізілуі – төлем және қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруы тиіс, оның ішінде офлайн төлемдер негізінде де.
Ұлттық банк мамандарының айтуынша, цифрлық теңге ұлттық төлем инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі бола алады, өйткені ол программалау мүмкіндіктері мен офлайн төлемдердің жаңа функциясын қамтамасыз етуде тиімді құрал. Бұл функциялар, өз кезегінде, интернетке қосылу деңгейі тұрақсыз өңірлерде қаржы қызметтеріне деген қолжетімділікті арттыруға үлес қоспақ. Осы ретте, біз цифрлы валюта саласындағы үздік маман Туреканов Дәулет Айдарұлымен сұқбаттасқан болатынбыз.

- Дәулет, алдымен өзіңіз туралы айтып өтіңізші. Сіз қайда дүниеге келдіңіз? Отбасыңыз туралы не айтасыз?
-Есімім Даулет. Жиырма үш жастамын. Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының тумасымын. Толық отбасыда дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, ағам және інім бар. Біз 3 ағайындымыз. Ата-анам саудамен аналысады. Менің қазіргі кезде жеке кәсіппен айналысып жүруіме ата-анамның ықпалы бар деуге болады. Өйткені, ол кісілер бала кезден осы саланың қыр-сырын үйретті. Көптеген отбасыларындағы сияқты тәрбиеммен, көбінесе анам айналысты.
- Қайда білім алдыңыз? Негізгі мамандығыңыз қандай?
- Мен Еуразия Ұлттық Университетінде IT мамандығы бойынша білім алдым. Иә, негізгі мамандығым қазіргі кезде сұранысқа ие болып тұрған IT саласы. Қазіргі таңда қазақстандағы Крипта Арбитраж бойынша алғашқы мамандардың бірімін!

- Немен айналысасыз? Кәсібіңіз не?
- Бүгінде менің айналысып жүрген саламды электронды крипто обменник деп айтсақта болады. Яғни, криптаны бір кісіден арзан бағаға алып басқа адамға қымбатқа сату. Солай жұмыс істей алудың өзі бір өнер. Бұл сала үшін қаржы нарығы бойынша сауаттылық пен аналитикалық ойлау қабілетін талап етеді.
- Бұл саланы таңдауыңызға не себеп болды?
- Электронды теңгенің тиімділігі көп. Біздің елімізде валютаның мұндай түрі заманауи және технологиялық тұрғыдан дамыған. Электронды теңгенің енгізілуі Қазақстандағы экономикалық өсуді тездетіп, қолма-қол төлемдерді қауіпсіз әрі жылдам ететіні белгілі. Бұл сала қазіргі кезде сұранысқа ие болып тұрғандықтан да мен осы саламен айналысамын деп шештім. Бұл салаға келмес бүрын әрине, біздің қоғамның өзі ақырындап цифрлық валютаға бет бұрып жатқандықтан, қоғамға пайдам тисін деген ниетім болды.
- Қазіргі кезде адамдардың электронды валютаға деген қызығушылығы қандай деңгейде? Қаншалықты сұраныс бар?
- Дәл қазіргі кезде адамдардың цифрлы валютаға деген қызығушылығы өте жоғарғы деңдейде деп айта аламын. Осыдан екі жыл бұрын шыны керек криптаны алушыны немесе сатушыны табу қиын болатын болса, қазір Қазақстанда ресми лицензиясын алған бинанс биржасында сатушыда сатып алушыда көп. Өйткені, бұл цифрлы жүйе қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Қосымша шығындар азаяды. Өйткені, цифрлы актив жылдам және арзан. Мұндай төлемдер әртүрлі қаржы институттары мен әртүрлі банктерден аударымдар арасындағы комиссияларды азайтады. Заңды тұлғалар арасындағы аударымдар да арзан болады.
- Бұл сала кімдерге тиімсіз болуы мүмкін? Қандай кемшілігі бар?
Шыны керек, мұндай инновация қолма-қол ақшамен жұмыс істеуге және салықтан жалтаруға үйреніп қалғандардың қарсылығына ұшырауы мүмкін. Себебі, қолма-қол ақша – кез келген салықтан және «ақша қайдан келді?» деген сұрақтардан құтылудың ең оңай тәсілі. Алғ ақша цифрлы сипатқа ие бола салысымен, оны қайдан, кім алғаны бірден айқындалады. Ал, бүл өз кезегінде мемлекетіміз үшін тиімді және заңды.

- Алдағы жоспарыңызбен бөлісе аласыз ба? Сіздің басқа мамандардан ерекшелігіңіз бар ма?
-Бәсекелессіз сауда сауда болмайды. Бәсеке болған жерде даму бар. Сондықтан да, мен өзімді әрқашан дамытып отыруға тырысамын. Күн сайын қаржы нарығы бойынша білімімді жаңартып отыруды әдетке айналдырдым. Сондықтан, бұл саладғы басқа әріптестеімнен ерекшеліктерім көп. Болашақта толық крипто академия ашу ойымызда бар. Яғни, тек арбитраж түрін емес, оған қоса трейдинг саласымен, инвестиция бойынша халықтың сауатын ашу мақсатында орталық ашуды армандаймын. Шет мемлекеттерде бұл сала әлдеқайда дамып кеткен, біздің еліміз енді ғана бет бұруда. Сондықтан, халыққа білім беруге деген ниетім бар.
- Өзіңізді он жылдан кейін қалай елестетесіз?
- Адам болған соң әрине, арман көп қой. Көп армандарымның бірі он жылдан кейін өзімді балаларымның сүйікті әкесі ретінде көремін. Себебі, қазір шыны керек жұмыс көптігінен отбасыма азырақ көңіл бөліп жүргенімді жасырмаймын. Сондықтан, барынша осы балаларыма, отбасыма уақытты табатын әке болғым келеді. Өйткені, отбасы бәрінен де жоғары құндылық және мен үшін аса маңызды. Жалпы, жұмыс бабына келетін болсақ, Форбс журналына шығуды армандайтыным рас :)

- Біздің оқырмандарымызға айтарыңыз бар ма?
- Өмір сындырады, бірақ, тұру сенің қолыңда. Тұрып тоқтамастан талпынған адамға Алла өз ризығын береді. Сондықтан, ең бастысы басты төмен түсірмей алға ұмтыла беру керек! Өйткені, әрекет түбі - берекет.
#ТурекановДәулетАйдарұлы
#ТурекановДәулет
#ДәулетАйдарұлы
#криптовалютамаманы
