Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы хайуанаттар бағындағы пресс-тур қызықтары

Мегаполистегі зообақ қысы-жазы жұмыс істейді. Бүгінде бақта аң-құстың көптеген түрі бар. Осы ретте, жақында АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Алматы зообағына барып, жануарлардың тыныс-тіршілігі мен қысқы күтім жайын біліп қайтқан болатынбыз.

пресс тур аясында журналистер мен операторлар хайуанаттар бағының тұрғындарын жақыннан көруге, жануарлар қараушыларымен танысып, зообақтың даму перспективалары туралы ақпарат алды.

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағының коллекциясында 370-тен астам түрі бар 3900-ге жуық жануар тіршілік етеді. Биыл олардың қатарын ақ аю, үш гранта зебрасы, шимпанзе және амур жолбарысы және барыс толықтырған екен.

Алматы зообағы 1937 жылы 7 қарашада ашылған. Биыл баққа 86 жыл толып отыр. Ашылған жылы-ақ бақта жануардың 70 түрі мекендеген. Олар Мәскеу, Ашхабад, Ленинград зообақтарынан әкелініпті.

Зообақ коллекциядағы барлық жануар 7 экспозициялық бөлімге жіктелген: «Аквариум», "Экзотариум», «Приматтар», Жыртқыш құстар, Экзотикалық құстар, Тұяқтылар, Жыртқыш сүтқоректілер. Хайуанаттар бағында ветеринарлық бөлім, жем-шөп асханасы, виварий, құрылыс алаңы, автогараж орналасқан.

Хайуанаттар бағына келушілердің ерекше қызығын тудырған Глория есімді сусиыр. Оның ата-анасы хайуанаттар бағының ұзақ тұрғыны Джумбо және Лотти есімді оның ұрғашы сыңары. Бірақ бастапқыда екеуі бірден жұп бола қойған жоқ, деп атап өтті хайуанаттар бағындағы жануар ақараушылары. Бұл соңғы 18 жылдағы алғашқы ұрпақ, хайуанаттар бағының күзетшілері көптен күткен сусиырдың төлін мұқият қадағалайды.

Хайуанаттар бағы негізінен қысы-жазы жұмыс істейді. Қызметкердің айтуынша, тіпті соғыс кезінде де бақтың жұмысы тоқтамапты.

"Жануарлардың табиғатта еркін өмір сүргені жақсы ғой деген пікір бар. Табиғатта жануарға шынымен жақсы жағдай бола ма, жоқ керісінше ме оны нақты ешкім айта алмайды. Дегенмен, сыртта жануарға қауіп өте көп екені белгілі. Жануардың бәрі зообақта өмір сүруі қауіпсіз және балаларды таныстыруда көп септігін тигізеді. Мысалы, ақ аю үшін бізде бүкіл жағдай жасалған. арнайы бассейні бар. Аюлар суықты жақсы көретіндіктен бізде тіпті кондиционерлер де орнатылған",- дейді зообақ қызметкері.

Алматы хайуанаттар бағы халықаралық бөлімінің басшысы Айман Едгебаева Басында еркек сусиыр ұзақ уақыт бойы жалғыз болды, шамамен 10 жыл. Ересек жануарға жұп табу өте қиын, өйткені хайуанаттар бағында жұптар қалыптасып қойған немесе жас ұрғашыны әкелсен күннің өзінде, оның репродуктивті, жыныстық жетілуін күту қажет. Мәселе жетілген ұрғашыны табуда болды, және қуанышымызға орай оны Францияда орналасқан зообақтан таптық. Ол 8 жаста еді, жыныстық жағынан жетілген. Еркек сусиыр, әрине, оған бірден жақсы қарады, өйткені ол өз жұбын ұзақ жылдар бойы күтті. Бұл жұп бір-біріне ұзақ уақыт үйреніскенімен, олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнады және осы жылдың мамыр айында төлдеді. Ұрғашысы 2018 жылы зообаққа әкелінді, ал еркегі Израильден 2009 жылы әкелінген болатын.

Ең қызығы, журналистер сусиырларды тамақтандыру процесін бақылай алды, тіпті өзіміз тамақтандырып көрдік. Жануарлардың рационы көкөніс пен жемістерден тұратынына көз жеткіздік. Шара барысына бір қызық жайтқан куә болдық. Ол Джамбо (анасы) қауын мен бананнан дәм татып жатқанда, кішкентай сусиырдың анасы төлін қорғап, келушілерге көрсеткісі келмеді.

Алматы хайуанаттар бағы директорының ветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев Израильдегі хайуанаттар бағынан Алматыға 20 кенгуру - қызыл және сұр кенгуру әкелінгенін айтты. Зообақ келушілері қоршаудың арғы жағына кіріп, кенгуру балаларын сипауға мүмкіндік алды. Жалпы, бұл қалталы жануарлар сабырлығымен ерекшеленді.

#ЗоопаркАлматы

#Алматызообағы

#АЛМАТЫҚАЛАСЫНЫҢӨҢІРЛІККОММУНИКАЦИЯЛАРҚЫЗМЕТІ

#РСКАлматы

0
0
299

Осы тақырып бойынша

Алматы хайуанаттар бағындағы пресс-тур қызықтары - Yvision.kz