Tabiğat Labs жобасы туралы не білесіз?
Жуырда Алматыда «Шеврон» компаниясы мен Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестікте жүзеге асырып отырған, экологиясы саласындағы жобалардың бірегейі «Tabiğat Labs» тың тұсаукесері өтті.
Шеврон компаниясының шарапаты отандық экономикаға салынған инвестициямен ғана өлшенбейді. Компанияның әлеуметтік жобаларының өзі бір төбе. Сондай жобалардың бірі - Tabiğat Labs.

Tabiğat Labs – бұл қалалық экология және экологиялық мәдениет саласындағы өз жобаларын жүзеге асыратын ұйымдардың коалициясы. Tabiğat Labs жобасын "Шеврон" компаниясымен және Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктестігімен құрылған жоба деуге болады. Сонымен қатар, Fading TSE, YEMAA, Алматы бас ботаникалық бағы, Impact Hub Almaty ұйымдар да жоба бірлестігінде. Жобаның тағы бір серіктесі: Makerspace Almaty.
Аталған жоба қазірше Алматы, Астана және Атырау ғана жүзеге асуда. Жобаның қатысушылары – Fading TSE, YEMAA artist residence, Бас Ботаникалық бақ, Impact Hub Almaty саналады. Осы жылдың маусым айынан басталған бағдарлама жылдың соңына қарай, қазанда аяқталады яғни Tabiğat Labs-тың «экваторы» (нағыз қызған шағы) тамыздың ортасына сай келеді дейді ұйымдастырушылар.

Жоба құрылтайшысы Асел Егембердиева
«Tabiğat Labs-бұл қазақстандық және әлемдік жетекші сарапшылардан жаңа білім алу мүмкіндігі ғана емес, көптеген жастардың туған қаласымен, табиғаты мен танысуы. Біз кешенді зертеулер жүргіземіз, іс-шаралар мен ақпараттық науқандар бар. бүкіл Қазақстан бойынша сарапшылық қоғамдыстық пен урбанистік желісін құрамыз.
«Make mektep»жобасы жасөспірім балалалар мен жұмыс жасайды. Қазірде Алматы маңындағы мектептердің бірінің оқушылармен бірлесіп, инфрақұрылым мен ортаны өзгертіп, орта қалыптастыру жобасын жүзеге асырады.
«Жасыл рейнджер» -Алматының Бас ботаникалық бағының жлбасы саналатын, жобада ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары эковолонтерлерге қала мен қала маңындағы ағаштарды күтіп баптау ережерлерін үйрететін дәрістер практикалық сабақтар өткізеді.
Табиғат пен байланысты бұл жобаның жастарға, жасөспірімдерге берері мол. Табиғат әлемді құтқарып тұрса, адамдардар табиғатты құтқару керек. Tabiğat Labsтың тағы бір жағымды жаңалығы ол URBAN FORUMPRESS баспасының қолдауымен жастарға арнап, «Табиғатты қала, қаладағы табиғат» атты алғашқы кітабын шығарды.

Алдағы осы жобалар аясында Алматы, Астана, Атырау қалаларында шаралар өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, табиғаттың қыс мезгіліне ауысуы себепті келер көктемге дейін жабылуы басталады. Бұл жобалар әзірге үш қалада өтіп жатқанымен келесі жалдан бастап ауқымы кеңейіп, Қазақстанның экологиялық апатты аймақтарын көбірек қамтысақ дейді ұйымдастырушылар.
Шевронның елімізге жасап жатқан инвестиция мен ел бюджетіне құйып жатқан салығынан бөлек орасан көмегі мен жобаларына ел Президентінің өзі қолдау білдіріп отырғаны оның сенімге ие компания екенінің белгісі.

Сонымен қатар, «Шеврон» компаниясы төртінші билік өкілдері, яғни журналистермен бірлескен жұмысын белсенді атқаруда. Оның дәлелі «Түркітілдес журналистер қорымен» бірлесіп жылына бірнеше мәрте, бірқатар қалаларда өткізіліп жатқан түрлі тақыраптардағы «Медиа форум". Сонымен қатар, карантин кезеңінің өзінде аптасына екі мәрте өтетін вебинарлар тізбегі жарты жыл бойы қаншама журналистердің білім-білігін арттыруға, жаңа бағдарламаларды меңгеріп, жұмыс істеуге ықпал етті. Вебинар, семинарларға әлемдік БАҚ-тағы аузы дуалы журналистер еліміздің әр өңіріндегі тілшілерімен қатар студенттер мен оқушыларға тәжірибелерімен бөлісіп, ойға түйгендерін берді. Заманауи журналистикамен білім-білігін толықтырғандар көбейді. Нәтижесінде аймақтық журналистер арасында республикалық байқаулардан топ жарған тілшілер қатары молайды. Бұл журналистер үшін зор мүмкіндік екені сөзсіз.
#Шевронкомпаниясы
#TabiğatLabs
#Түркітілдесжурналистерқоры
#UrbanForumKazakhstan
