Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

АЛТЕЛ лимитсіз интернет тарифын алып тастады

2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Altel компаниясы СУПЕР SMART және СУПЕР SMART+, сондай-ақ ALTEL WEB UNLIM/Unlim LTE тарифтік жоспарларында Интернетке жоғары жылдамдықпен қатынау мүмкіндігінің ұсынылуымен байланысты өзгерістер енгізілді.

«СУПЕР SMART+ және СУПЕР SMART-тағы негізгі өзгерістер ай сайынғы төлемге қатысты, оның көлемі енді 30 күнге 1190 теңге құрайтын болады, сонымен қатар шектеусіз Интернет жабылады. Бұған қоса, 7ГБ шегінен асырған кезде, абоненттің тарифке қайта қосылуына немесе біржолғы Интернет-пакетті қосып алуына болады. Қалған барлық шарттар өзгеріссіз қалады», — делінген хабарламада.

ALTEL WEB UNLIM/Unlim LTE өзгерістері 30 ГБ бекітілген шектеусіз ұсынысты жылдамдығын шектемей ауыстырудан тұрады, бұл ретте қалған шарттар өзгеріссіз сақталады. Шектеулі Интернет көлемін асырған кезде, Сіз тарифке ағымдағы шарттарға сәйкес қайта қосылуыңызға немесе біржолғы Интернет-пакетті қосып алуыңызға болады.
Осы лимитсіз интернеттің ауыстырылуына байланысты Қазақстанның барлық қалаларында жаппай наразылық білдіріп жатыр. 2016 жылдың басында компанияның абоненттер саны 3 жарым миллионнан асқанын ескерсек, сан соғып қалған адамдар саны өте көп.
2015 жылы шведтердің еншісіндегі "Теле 2 Қазақстан'' компаниясы "Аltel" акциясының басым бөлігін сатып алған болатын. Сол себепті қоғамда "Аltel" тұтынушыларының жаппай наразылыққа шығуы "Теле 2" компаниясының корпоративтік саясатының әсері деген болжамдар айтылып жатыр.
6
0
1619

Осы тақырып бойынша