Рухани құндылыққа, қазақтың салт-дәстүріне діни ағым өкілдері неге жау?
Соңғы кездері осы мәселе күйіп тұр. Кейбір діндарлар әр жерде әртүрлі нәрсені айтып, халықтың түсініспеушілігін, тіпті наразылығын тудыруда. Олардың мұндайды қандай мақсатпен айтатынын біз білмейміз, бірақ жұртқа «адаспаңдар» деп алып, өздерінің шатасып жүргені хақ.Фотоколлаж: adyrna.kzҚазақтың қасиетті домбырасын харам дейді, инабаттылықты дәріптейтін әдемі дәстүрлеріміз – беташарды, келіннің сәлем салуын және тағы басқаларды шариғат заңына қайшы дейді. Әйтеуір, қай-қайсысы да халықты ұлттық құндылықтарымыздан, салт-дәстүрлерімізден аулақ жүруге үндеуге бейіл. Біз осы тұрғыда белгілі этнограф Болат Бопайұлымен әңгімелескен едік. Ол жоғарыда аталған рухани дүниелеріміздің мән-маңызына тоқталып, бұлардың бір күнде пайда болмағанын атап өтті.«Қазақ халқының рухани құндылықтары мен салт-дәст…


