Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Ұлттық қордан $1,1 млрд сату көзделген

Ұлттық Банк осы сәуір айында Ұлттық қордан 1 млрд АҚШ долларынан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздеп отыр.Бұл әрекет республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша жасалмақ. Наурыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасқан. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайған. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құраған. «Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурызда 748 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ын және күніне 44 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Бан…

0
0
257

Прокурорлар Алматыны техногендік апат қаупінен сақтап қалды

Прокурорлар Алматыда техногендік сипаттағы ықтимал қауіптің алдын алды. Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде елеулі бұзушылықтарды анықтады.Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген.Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына…

0
0
297

Кәсіпкерлерден бастап студенттерге дейін бопсалаған ірі қылмыстық топ құрықталды

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің хабарлауынша,.жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталған. Жәбірленушілер - “Қармет” АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан. "Жалпы топтың 25 мүшесі ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жар…

0
0
279

Қанат Бозымбаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Президенттің кеңесшісі болған.Фото: akorda.kzҚанат Бозымбаев Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды."Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды" делінген Ақорда (t.me/aqorda_resmi) хабарламасында.Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Бозымбаев аймақтық саясат, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, төтенше жағдай және су ресурстары салаларына жетекшілік етеді.Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған. 1994-19…

0
0
289

Рыбакина Майамидегі финалда тағы да жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ақтық сынында екінші жыл қатарынан есе жіберіп отыр.

undefined

Фото: globallookpress.com

 

Ол финалда әлемнің 53-ші ракеткасы, америкалық  Даниэль Коллинзден екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Рыбакина тура былтырғыдай Miami Open-нің ақтық сынына жетті де, бірақ титулға қол жеткізе алмады.

Елена финалға қатысқаны үшін 585 000 доллар тауып, 650 ұпай жинады. Ал Даниэль 1 100 000 доллар мен 1 000 ұпай иеленді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда Мария Саккариді (#9) 7:5, 6:7, 6:4 есебімен, жартылай финалда Виктория Азаренконы (#32) 6:4, 0:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.           

0
0
286

Президент су тасқынына қатысты бірнеше облыс әкімдеріне қатаң сөгіс берді

Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығы…

0
0
331

Ақтөбе облысына алматылық құтқарушылар шұғыл түрде ұшақпен жеткізілді

Бүгін Ақтөбе облысына Алматы қаласының Республикалық жедел құтқару жасағы құтқарушыларның қосымша тобы ұшып жетті.

undefined

Жеке құрам су тасқыны салдарын жою үшін жіберілген.

Құтқару міндеттерін орындау мақсатында РЖҚЖ қызметкерлері өздерімен бірге резеңкелі және моторлы қайықтарды, альпинистік жабдықтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын ала барды.

Кеше Ақтөбе облысындағы Әйтеке би ауданында бөгет жарылып, Ырғыз өзеніне мол су құйылған еді.

Төтенше жағдай министрлігінің мамандары Талдысай және Жүргенов ауылдарының тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып жатыр.

0
0
271

Ақтөбеліктер топан судан зардап шеккендерге көмек қолын созып жатыр

Ақтөбеде жұртшылықтан көмек қабылдайтын екі орын бар. Олар – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығы және Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығы.Фото: diapazon.kzҚала тұрғындарының гуманитарлық орталықтарға су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде азық-түлік, жылы жамылғы, тәпішке және тағы басқа көптеген заттарды әкеліп жатқанына бір тәулік болды.    Сондай орындардың бірі – «Анаға тағзым» рухани тәрбие беру орталығында «Диапазонның» тілішісі болып қайтқан.«Қала тұрғындары – белсенділер, еріктілер, мектептер, балабақшалар, ата-аналар кешеден (28 наурыз) бері түні бойы және бүгін, жалпы 24 сағат бойы түрлі азық-түлік, шаруашылық заттарын, төсек жабдықтарын, жастық, жамылғы, кілем, палас, бала киімдерін әкелуде. Бізден тағы тәпішке сұрап жатқандар бар», – дейді А…

0
0
283

Ұлытау облысында 1500-ге жуық жылқы өлексесі жойылған

Ауыл шаруашылығы министрлігі вице-министр Аманғали Бердалин бастаған арнайы топтың Ұлытау облысына жұмыс сапарының қорытындысы туралы хабарлады.25-27 наурыз аралығында арнайы топ жылқы өлімінің ауқымы бойынша деректерді өзектендіруді, жануарлардың өлекселерін жою үдерісімен танысуды, мал иелеріне келтірілген залалды азайту шараларын қарауды және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды талдауды жүргізді.Аралау, сондай-ақ халық арасында, ауылдық округ әкімдері мен фермерлерге сауалнама жүргізу нәтижесінде мыналар анықталды:- өзектендірілген іс жүзінде жойылған жылқы өлекселерінің 1475 басы тіркелді;- құлаған жылқы басының басым бөлігінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ (чиптер немесе тавро жоқ), тиісінше, АШЖБ дерекқорында тіркелмеген;- аудандық ветеринариялық станцияларға мал иелерінен өлі…

0
0
302